Атырау облысында прокурорлар кәсіпкерлерден салық берешешегінің өндірілуін қамтамасыз етті

Атырау облысында прокурорлар кәсіпкерлерден салық берешешегінің өндірілуін қамтамасыз етті

Исатай ауданы прокуратурасымен салық заңнамасының сақталуына талдау жүргізілді.

Талдау нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілері тарапынан мүлік салығын төмендетіп көрсету және уақытылы төлемеу негізінде Салық кодексі талаптарының жүйелі түрде бұзылу фактілері анықталды.

       Атап айтқанда, 36 кәсіпкер коммерциялық объектілерді уақытылы бағалау және бюджетке тиісті төлемдерді аудару бойынша міндеттерін орындамаған.

       Прокурорлық қадағалау актісі негізінде мемлекет кірісіне 2,6 млн теңге өндіріліп, кінәлі тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

       Прокуратура органдарымен мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстар тұрақты негізде жалғастырылуда.

 

Атырау облысы Исатай ауданының прокуратурасы