
Атырау облысы прокуратурасының бастамасымен еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды меңгеруге мүмкіндік жасау мақсатында Атырау облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп әйелдер колониясында (№79 мекеме) оқыту курстары ұйымдастырылды.
Үш ай бойы 46 сотталған әйел қазақ тілін оқыту бойынша толық курстан өтті. Оқу барысында қатысушылар мемлекеттік тілде сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу, сондай-ақ ресми қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгерді.
Іс-шараның негізгі мақсаты - сотталғандардың тілдік сауаттылығын арттыру, олардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету және бостандыққа шыққаннан кейін еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.
Мұндай білім беру жобалары сотталғандардың жеке дамуына оң әсерін тигізіп, олардың қоғамға тезірек бейімделуіне ықпал етеді.
Атырау облысының прокуратурасы