Атырау облысының прокуратурасы білім беру саласындағы зейнеткерлердің еңбек құқықтарын қорғады

Атырау облысының прокуратурасы білім беру саласындағы зейнеткерлердің еңбек құқықтарын қорғады

Қадағалау органымен жергілікті білім беру ұйымдарының басшылықтары тарапынан заңды мүдделері ескерілмеген білім беру саласындағы зейнеткерлердің еңбек құқықтарын қорғау шаралары қабылданды.

Нәтижесінде, Исатай ауданындағы білім беру ұйымдарының педагогтері мен мектепке дейінгі ұйымдардың жүзге жуық қызметкеріне зейнеткерлікке шығуына байланысты заңнамада көзделген әлеуметтік төлемдер төленді.

Зейнеткерлікке шығуына байланысты еңбек шарттары тоқтатылған бюджет ұйымдарының қызметкерлеріне жалпы сомасы 7,2 млн теңгеден асатын заңнамада көзделген міндетті өтемақы төлемдері төленбеген.

Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде аталған зейнеткерлерге тиесілі ақшалай қаражаттар толық көлемде аударылып, олардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Еңбекақы төлеу саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін 7 тұлға ҚР ӘҚБтК-тің 87-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

 Атырау облысы Исатай ауданының прокуратурасы