Спорт және тәрбие арқылы – құқықтық мәдениетке: Атыраудағы ауқымды кездесудің қорытындысы

Спорт және тәрбие арқылы – құқықтық мәдениетке: Атыраудағы ауқымды кездесудің қорытындысы

Атырау облысының прокуроры Мадияр Басшыбаевтың төрағалығымен  спорт федерацияларының өкілдері, білім беру ұйымдары, өңірдің танымал спортшылары, ата-аналар комитеттері, сондай-ақ белсенді жастардың қатысуымен ауқымды іс-шара өтті.

          Іс-шара қатысушыларына балалар арасында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, позитивті ойлауды дамыту, қауіпсіз және салауатты өмір салты дағдыларын, саналы таңдау жасап, жауапкершілік алуды үйрету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарланды.

          Аталған жұмыстың бірінші кезеңінде ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап оқу орындарында «Құндылықтардың 5 минуты» жобасы іске асырылуда.

          «Құндылықтардың 5 минуты» күн сайын (дүйсенбі – жұма) сыныпта, сабақ басталар алдында 2-5 минут ішінде балаларға тәрбиелік сипаттағы нақты тақырып түсіндіріледі: тақырып бала толық түсініп, меңгеруі үшін күні бойы енгізіледі.

          Мысалы, дүйсенбі күні бірінші сабақта «Математика» пәнінде мұғалім «Құрмет» тақырыбы бойынша 5 минуттық өткізеді.

          (Құрмет деген не? Құрметтің түрлері, кімді құрметтеу керек? және т.б.).

          Осылайша, күні бойы барлық сабақтарда мұғалімдер де сабақ басталар алдында осындай жұмысты жүргізеді.

          Нәтижесінде бала жиі естігенін бойына сіңіреді.

          Бір ақпаратты үнемі қайталау балаларда тұрақты нейрондық байланыстарды қалыптастырып, іс жүзінде оның мінез-құлқын қалыптастырады.

          Апта соңында «Сынып сағаты» сабағында өткен материал бекітіледі.

          Қазіргі таңда жоба облыстың 235 білім беру мекемесінде жүзеге асырылып, 150 мыңнан астам баланы қамтып отыр.

          Оң нәтиже мен ата-аналардың кері байланысының бар екенін ескере отырып, Мадияр Басшыбаев өңірдің спорт қауымдастығы арасында «Дала қырандары» патриоттық қозғалысын тарта отырып, екінші кезеңді іске асыруды ұсынды.

          Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда спорт федерацияларының, ұйымдардың, жаттықтырушылардың, сондай-ақ патриоттық қозғалыстардың рөлі зор.

          Сондықтан бұл іс-шараға ұлттық мақтаныш, патриотизм және жаңа буын көшбасшыларын тәрбиелеудің құралы болып табылатын жаттықтырушылар мен тәлімгерлер тартылды.

          Екі кезеңді біртұтас жүйеге біріктіре отырып, тәртіп, жауапкершілік және заңға құрмет нормасына айналатын жастарды тәрбиелеуде бірыңғай тәсілдер қалыптастыру жоспарлануда.

          Сонымен қатар, білімді, тәрбиелі, мәдениетті жастарды қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғам өкілдері мен блогерлердің рөлі ерекше атап өтілді.

          Сондай-ақ, позитивті күн тәртібін күшейтуге, дұрыс мінез-құлықтың үлгілерін көрсетуге, өзгелерге үлгі бола алатын жастар арасынан үздіктерді танымал етуге назар аудару ұсынылды.

          Қорытындысында Мадияр Басшыбаев спорт және білім беру салаларындағы өңір чемпиондарына,  олардың ата-аналарына, сондай-ақ  спорт федерацияларының өкілдеріне лайықты жастарды тәрбиелегені үшін алғыс хаттар табыстады.

          Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

                                                                  Атырау облысының прокуратурасы