
Облыс прокуратурасы органдарымен су бұру нысандарын заңсыз пайдалану және қалдықтарды орналастыру фактілері анықталды.
Анықталғандай, «А.» ЖШС басшылығы өндірістік базасының аумағында сарқынды суларды заңсыз төгуді ұйымдастырған.
Ассенизаторлық техниканың иелері тиісті рұқсатсыз сұйық тұрмыстық қалдықтарды төккен.
Қадағалау актілері бойынша заңсыз коллектор жойылып, кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Сонымен қатар, Махамбет ауданында ауылдық округ әкімдігі экологиялық рұқсатсыз қоқыс полигонын пайдаланып, құрылыс қалдықтарын жинақтауға және тазартусыз сарқынды суларды төгуге жол берген.
Қабылданған шаралармен ауылдық округ әкімі әкімшілік жауаптылыққа тартылып, экологиялық рұқсат алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Экологиялық заңнаманың сақталуына қадағалау прокуратураның ерекше бақылауында.
Атырау облысының прокуратурасы