
Атырау облысының прокуроры Мәдияр Басшыбаевтың төрағалығымен заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Қоғамға аса қауіп төндіретін қылмыс құрамдарының алдын алуға ерекше назар аударылды:
- жеке тұлғаға қарсы бағытталған құқыққа қайшы әрекеттер, соның ішінде зорлық-зомбылық және жыныстық қол сұғылмаушылыққа нұқсан келтіру;
- топтық құқық бұзушылықтар мен бұзақылық актілері;
- цифрлық ортадағы қылмыстар және кәмелетке толмағандарды деструктивті қауымдастықтарға тарту.
Талқылау қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесінің төрағасы жастар арасындағы қылмыстың себеп-салдарларын азайтуға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді:
«Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыспен күресу тек жедел әрекет етуді емес, сонымен қатар құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайларды жоюды талап етеді», – деп атап өтті облыс прокуроры.
Атырау облысының прокуратурасы