Экологтар арасындағы лудоман: Атырау облысының эколог қызметкері жұмыстан босатылды

Экологтар арасындағы лудоман: Атырау облысының эколог қызметкері жұмыстан босатылды

Атырау облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Экология департаментінің қызметкерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауаптылыққа тартты.

Аталған мемлекеттік қызметкер заңда белгіленген тыйымға қарамастан, құмар ойындарға қатысқан.

Қадағалау актісінің негізінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін жұмыстан босатылған.

Сонымен қатар, заңнаманы бұзғаны үшін (ӘҚБтК-тің 498- бабымен, құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерiн ұсынудан бас тарту, ұсынбау, уақтылы ұсынбау, жасыру, қосып жазу және басқа да бұрмалаушылықтар) Экология департаменті басшысының орынбасары және экологиялық бақылау бөлімінің 7 бас мамандары әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

Прокуратура мемлекеттік органдардағы заңдылықтың сақталуы үнемі жүргізілетінін айқындайды.

 

 

Атырау облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы