
Аудан тұрғындары өздерін толғандыратын өзекті мәселелерді көтеріп, олар бойынша уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, кездесу барысында облыс прокуроры жаңа Конституция жобасына жеке тоқталып, аталған құжат азаматтардың құқықтарын қорғауды, заңның үстемдігін және азаматтық қоғамның рөлін күшейтетінін атап өтті.
Кездесуден кейін облыстық мемлекеттік органдардың басшылары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, заңнамаға қажетті түсіндірмелер берді.
Кездесу қорытындысы бойынша тұрғындардың сұрақтары мен өңір проблемалары негізінде «Жол картасы» әзірленді. Оған енгізілген мәселелер толық шешімін тапқанға дейін прокуратура мен облыс әкімдігінің бақылауында болады.
Атырау облысының прокуратурасы