
Іс-шараға «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері, шағын және орта бизнес субъектілерінің басшылары, сондай-ақ барлық мемлекеттік мекемелер мен уәкілетті органдардың жетекшілері қатысты.
Кездесу ашық диалог форматында ұйымдастырылды.
Жиын барысында бизнес өкілдері жер қатынастары, мемлекеттік сатып алу, инфрақұрылымға қолжетімділік, тексерулер жүргізу тәртібі сияқты көптеген өзекті мәселелерді көтерді.
Облыс прокуроры өз сөзінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау – прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Көтерілген әрбір мәселе жеке бақылауға алынып, нақты тапсырмалар берілді.
Мұндай ашық форматтағы кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылады.
Атырау облысының прокуратурасы