Атырау облысының прокурорлары жұмысшылардың мүдделерін қорғауда

Атырау облысының прокурорлары жұмысшылардың мүдделерін қорғауда

Исатай ауданының прокуратурасымен 7 кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасамай, еңбек қызметін жүзеге асырғаны анықталды.

Нәтижесінде жұмыс берушілер тарапынан бұзылған 45 жұмысшының құқықтары қорғалды.

Аталған жұмысшылар құрылыс және денсаулық сақтау салаларында еңбек етеді.

Аталған дерек ҚР Конституциясының 24-бабына, сондай-ақ Еңбек кодексінің талаптарына қайшы келеді.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде кінәлі тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта 45 жұмысшы міндетті сақтандырумен қамтамасыз етілді.

 

   Атырау облысы Исатай ауданының прокуратурасы