
Атырау облысының прокуроры Мадияр Басшыбаевтың төрағалығымен «Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру шеңберінде Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында бірқатар қылмыс түрлерінің өсу себептері, профилактикалық жұмыстың тиімділігі, сондай-ақ есірткі қылмысына қарсы күрестің жай-күйі мәселелері қаралды.
Кеңес отырысында құқық қорғау органдарының басшылары, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, білім беру ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Кеңестің жұмысы екі негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылды.
Бірінші бағыт – кісі өлтіру, бұзақылық, оның ішінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұқпаушылығына қарсы қылмыстар және жол-көлік оқиғаларының профилактикасы мәселелері.
Екінші бағыт – есірткі қылмыстарымен күрес бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру мәселелері.
Үйлестіру кеңесінің төрағасы мемлекеттік органдарға қылмыстың өсу себептерін жою және профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру үшін нақты шаралар қабылдауды, сондай-ақ профилактиканың әсерін күшейту мақсатында ғылыми қауымдастық өкілдерін тартуды тапсырды.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, топтық қылмыстардың алдын алу, заңсыз қаруды тәркілеу және наркотизммен күрес мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігі атап өтілді.
Атырау облысының прокуратурасы