Атырау облысында жасанды интеллект қолданылатын «TargetEye» жобасы жүзеге асырылуда

Атырау облысында жасанды интеллект қолданылатын «TargetEye» жобасы жүзеге асырылуда

Облыс прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында құқық бұзушылықтар жиі тіркелетін учаскелерінде азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету негізінде қала тұрғындарының көп шоғырланатын және демалыс орындарында «TargetEye» бейнеаналитика жобасын жүзеге асыруда.

Құқық қорғау органдарымен бірлесіп, жасанды интеллект элементтері бар 75 бейнебақылау камералары орнатылды.

Аталған жүйе нақты уақыт режімінде оқиғалар мен құқық бұзушылықтарды тіркейді, іздеуде жүрген азаматтардың және пробациялық бақылауда жүрген тұлғаларды анықтайды, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен адамдарды тануға мүмкіндік береді.

Анықталған мәліметтер жедел әрекет ету мақсатында дереу құқық қорғау органдарына шешім қабылдау үшін жолданады.

Жүйе енгізілген уақыт аясында интеллектуалды бақылау нәтижесінде 52 іздеуде жүрген, 126 пробациялық бақылауда тұрған және 3 хабар-ошарсыз кеткен тұлғалар анықталып, тиісті шаралар қабылданды.

Жұмыстың тиімділігі өткен жылмен салыстырғанда 61,5%-ға артты.

Бейнебақылау камералары құқық бұзушылықтардың алдын алу шарасы ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етудің тиімді құралына айналды.

Атырау облысының прокуратурасы азаматтардың құқықтарын қорғауға және өңірдегі қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған шараларды іске асыруды жалғастыруда.

Жаңа цифрлық технологиялардың енгізілуі қоғамдағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлесін қосуда.

 

Атырау облысының прокуратурасы