
Атырау облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті.
Іс-шараның мақсаты – өңірде ашық диалог орнату, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамға шынайы ақпарат жеткізу.
Кездесу барысында журналисттердің ұсыныстары ескеріліп, прокуратура мен БАҚ арасындағы тиімді коммуникацияны қалыптастыру және өзара іс-қимылды жетілдіру бағытында шешімдер қабылданды.
Атырау облысының прокуратурасы