
Атырау облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев «Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру мақсатында кәсіпкерлер мен инвесторлармен форум өткізді.
Форумда бизнес өкілдерінде кездесетін негізгі мәселелер талқыланды: әкімшілік кедергілер, негізсіз тексерулер және жекелеген мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілетін қысым.
Бас Прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында облыс прокуратурасы:
Инвесторлар өз жобаларын таныстырып, реттеуді қажет ететін негізгі мәселелерді атап өтті және тегін заңгерлік кеңес алды.
Сонымен қатар мемлекеттік органдар мен бизнес қоғамдастығы арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту мәселелері қаралып, одан әрі тиімді диалог орнату бойынша ұсыныстар әзірленді.
Облыс прокуратурасы бизнестің құқықтарын қорғау және кәсіпкерлер үшін ашық, қолайлы жағдай қалыптастыру бағытында жұмыстарын жалғастырады.
Атырау облысының прокуратурасы