Прокурорлар мектепті жөндеуге арналған қаражаттың ұрланғанын анықтады

Прокурорлар мектепті жөндеуге арналған қаражаттың ұрланғанын анықтады

Облыс прокуратурасы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде пайдаланылатын бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына талдау жүргізді.

Талдау көрсеткендей, 2017 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы №5 орта мектепте күрделі жөндеу жүргізілген.

279 млн. теңге көлемінде бөлінген қаражатқа қарамастан, ағымдағы жылдың наурыз айында ауа-райының салдарынан мектеп ғимаратының қаптауы бұзылған.

Тәуелсіз сарапшының қорытындысына сәйкес, сәулет-құрылыс нормаларын сақтамау, сондай-ақ жұмыстарды орындамау салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 25 млн.теңгеге залал келтірілген.

Жиналған материалдарды қалалық прокуратура сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберді, бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (ҚР ҚК 189-б.3-б.).