Атырау қаласында ұзақ уақыт бойы балаларын асырау жөніндегі міндеттерін орындамаған тоғыз ата-ана анықталды. Қарыздың жалпы сомасы 46 миллион теңгеден асты.
Барлық фактілер бойынша қала прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді тіркеді.
Екі борышкер 12,9 млн теңге көлемінде алимент төлемегендері үшін сотталып, оларға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Басқалары бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Прокуратура ата-аналық міндеттерін орындамау тек әкімшілік емес, қылмыстық жауаптылықта да әкеп соқтыратынын ескертеді.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау прокурорлардың басты назарында.
Атырау облысының прокуратурасы