Атырауда 80-нен астам мұғалімге 11 миллион теңгеден жоғары өтемақы төленді.
Атырау қаласының прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда. А.ж. 80-нен астам педагогтың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.
Жүргізілген талдау нәтижесінде білім беру ұйымдарының ұжымдық шарттарында зейнет жасына жеткен қызметкерлерге алдын ала хабардар ете отырып, бір лауазымдық жалақы мөлшерінде өтемақы төлеу қарастырылғаны анықталды, алайда бірқатар мектептер мен балабақшаларда бұл талап орындалмағаны анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 11 миллион теңгеден астам өтемақы төленіп, қызметкерлердің құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.
33 лауазымды тұлға қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қала прокуратурасы әлеуметтік салада заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында жұмысын жалғастырады.
Атырау облысының прокуратурасы