«Атырауда үлескерлерді заңсыз тартқаны үшін құрылыс компаниялары жауапқа тартылды»

«Атырауда үлескерлерді заңсыз тартқаны үшін құрылыс компаниялары жауапқа тартылды»

Қала прокуратурасы үлескерлердің қаражатын тұрғын үй құрылысына заңсыз тартуды жарнамалаумен айналысқан 10 компанияны анықтады.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде кінәлілер ҚР ӘҚБтК-нің 320-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып (үлестік қатысу туралы заңнаманы бұзу), 10,6 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Қала прокуратурасы азаматтарға үлестік құрылысқа қаражат салмас бұрын құрылыс салушының лицензиясы, жер теліміне құқық белгілейтін құжаттары мен құрылысқа рұқсат құжаттарын мұқият тексеруді ұсынады.

Үлескерлердің құқықтарын қорғау прокуратура органының қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады.

 

 

                                        Атырау облысының прокуратурасы