Табиғатты қорғау прокурорлары «ТШО» ЖШС-не 639,6 млн теңге көлемінде айыппұл салды

Табиғатты қорғау прокурорлары «ТШО» ЖШС-не 639,6 млн теңге көлемінде айыппұл салды

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы атмосфералық ауаның ластануына қатысты экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша талдау жүргізіп, бірқатар өрескел заң бұзушылықтарды анықтады.

Атап айтқанда, «Теңізшевройл» ЖШС 2023 жылдың 3 және 4 тоқсанында, сондай-ақ 2024 жылдың 1 және 2 тоқсанында атмосфераға экологиялық рұқсат етілген нормалардан тыс 49,3 тонна ластаушы заттарды шығарған.

Оның ішінде 4,9 тонна ластаушы зат қоршаған ортаға арнайы рұқсатсыз тасталғаны анықталды.

Осыған байланысты, «Теңізшевройл» ЖШС-не қатысты прокурордың қаулысымен әкімшілік іс қозғалып, сотпен 639,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл шешім заңды күшіне енді.

Аймақта атмосфералық ауаның ластануы – өзекті мәселелердің бірі болып табылады және бұл бағыттағы қадағалау жұмыстарын прокуратура тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.

Атырау облысының прокуратурасы