Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жер қойнауын пайдаланушыдан 3,6 млрд теңге өндірілді

Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жер қойнауын пайдаланушыдан  3,6 млрд теңге өндірілді

Атырау облысы прокуратурасының «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (бұдан әрі – НКОК) қызметінде экология заңнамасының сақталуын тексерумен, экологиялық рұқсатсыз алауларда шикі газды шамадан тыс жағу фактілері анықталды.

Прокуратураның актісімен, жер қойнауын пайдаланушы ӘҚБТК-нің 356-бабы (Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3,6 млрд теңге экологиялық залал бюджетке толық өндірілді.

Компаниялардың жауапты лауазымды тұлғаларының назарын қоршаған ортаны ластауға жол бермеу және экологиялық нормаларды қамтамасыз ету міндеті жүктелген тұлғалардың жауапкершілігін арттыру қажеттігіне аударамыз.

Экологияны қорғау мәселесі Атырау облысының прокуратурасының ерекше бақылауында.

 

Атырау облысы прокуратурасы