«Заң және Тәртіп» апталығы аясында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және көтерілген мәселелерге жедел әрекет ету мақсатында Атырау облысының прокуратурасы мемлекеттік органдар өкілдерімен бірлесіп, Халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырды.
Қабылдау барысында тұрғындар жер қатынастары, балалардың қауіпсіздігі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау және әлеуметтік сипаттағы мәселелер бойынша сауалдарын қойып, қолданыстағы заңнама аясында нақты түсіндірулер мен кеңестер алды.
Прокуратура халықпен ашық диалог орнатып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын болады.
#заң_мен_тәртіп
#құқықтық_кеңес
Атырау облысы прокуратурасы