29 мамыр 2025 жылы Атырау облысында облыс прокуроры Б.А. Жұмақановтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Қоғамда «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдаманың орындалуы мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылының кең форматында қамтамасыз етілді.
Іс шараға құқық қорғау органдары, мемлекеттік органдар мен оқу орындарының басшылары қатысты.
Жасөспірімдер мен жастар қылмысын, кісі өлтіру, азаптау, жыныстық және пайдакүнемдік, зорлық-зомбылық қылмыстары, есірткі сату, бұзақылық, алаяқтық, отбасылық-тұрмыстық, алкогольдік масаң күйде, қару қолдану және адамдар тобымен қылмыс жасау мәселелерін талқылады.
Ағымдағы 5 жыл ішінде жалпы қылмыс деңгейінің төмендеуіне қарамастан, жасөспірімдер мен жастар арасындағы қылмыстың өсуі алаңдаушылық туғызуда. Аталған кезеңде 4 мыңнан астам жас қылмыстық жауапкершілікке тартылса, оның 386-сы – кәмелетке толмағандар. 1 мыңнан астам жас ауыр, ал 151-і аса ауыр қылмыс жасаған.
Бөлек назар аударуды қажет ететін мәселе – балалар суициды: 5 жылда 33 аяқталған суицид және 104 суицид жасау әрекеті тіркелді.
«Бірде-бір қайғылы оқиға, бірде-бір қылмыс мемлекеттің назарынан тыс қалмауы керек», - деп атап өтті облыс прокуроры.
Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша ойын-сауық мекемелерінің жұмыс режимін қайта қарау; алкоголь өнімдерін сату мен тұтынуға бақылауды күшейту; интернет кеңістігіндегі деструктивті контентті бұғаттау; алкоголизммен, нашақорлықпен, лудоманиямен және басқа да тәуелділік түрлерімен күресті күшейту; қатаң бақылау мен тәлімгерлік жүйесін іске қосу (педагогтардың, спорт жаттықтырушыларының, офицерлердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, жұртшылықтың, қоғам белсенділерінің, мәдениет өкілдерінің және еріктілердің қатысуымен), білім беру ұйымдарында, әсіресе бастауыш сыныптардан бастап, оқушылардың адамгершілік, рухани және патриоттық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған арнайы тәрбие жұмыстарын қамтамасыз ету.
Біздің мақсатымыз: өзінің және елінің болашағы үшін жауапты өскелең ұрпақты тәрбиелеу және қалыптастыру.
Атырау облысының прокуратурасы