БП
Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Прокуратура туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
08 апреля 2023
Бас Прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевтің «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 40-бабы тәртібіндегі үндеуі

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

 

Әлеуметтік желілерде 2023 жылғы 9 сәуірде рұқсат етілмеген митингілерді өткізуге және қатысуға шақырулар таратылуда.

Бас прокуратура мұндай акцияларды ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін заңмен белгіленген жауаптылық туралы бірнеше рет ескертті.

Қоғамдық тәртіпті, халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау - біздің басты басымдықтарымыз.

Сондықтан «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның нормаларын сақтау қажеттілігіне және оларды бұзуға жол бермеуге тағы да назар аударамыз.

Бұқаралық жария іс-шаралар алдын ала хабардар етумен және осы үшін арнайы бөлінген орындарда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатын алумен  халықтың тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің қалыпты жұмыс істеуіне кедергілерді болдырмайтын шараларды қабылдай отырып, жүргізілуге тиіс.

Көрсетілген нормалар сақталмаған жағдайда кез келген жария шақырулар заңсыз деп танылады. Құқық бұзушыларға қатысты құқық қорғау органдары әкімшілік және қылмыстық-құқықтық шаралар қабылдайтын болады.

Атап айтқанда, Заң талаптарын (3-баптың 3-тармағы) бұза отырып өткізілетін митингілерді, шерулерді, жиналыстарды немесе демонстрацияларды ұйымдастыру және оларға қатысу құқыққа қайшы болып табылады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша 25 тәулікке қамаққа алуға дейін әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Осы әрекеттердің нәтижесінде елеулі залал келтіргені үшін кінәлілер Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша айыппұл не 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде түзеу жұмыстары немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түрінде қылмыстық жауаптылыққа тартылатын болады.

Осыған байланысты, Бас прокуратура қолданыстағы заңнаманың нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге және заңсыз акцияларды ұйымдастырудан және оларға қатысудан, сондай-ақ оларға жария түрде шақырудан бас тартуға шақырады.

31 марта 2023
Кәсіпкерлердің құқықтары басты назарда

Құрманғазы ауданының прокуратурасы қадағалау аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарды (пакет, қағаз, шыны және т.б.) жинау қызметі үшін ақы төлеу мәселесіне қатысты кәсіпкерлер үшін ортақ тариф заңсыз бекітілгенін анықтады.

Атап айтқанда, Экология кодексінің 367-бабында кәсіпкерлер үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдауға тариф бекіту көзделмеген, яғни тараптар арасында жасалған келісім шартқа сәйкес төленеді.

Алайда, аудандық мәслихат шешімімен кәсіпкерлер үшін  тариф заңсыз бекітіліп, аудандағы 281 заңды тұлға мен 2 405 жеке кәсіпкердің құқықтары бұзылған.

Аудан прокуроры Магилан РАХИМОВ хабарлағандай прокурорлық қадағалау актісі бойынша мәслихат шешімі заңға сәйкестендіріліп, кәсіпкерлердің бұзылған құқықтары қорғалды.

 

Құрманғазыауданыныңпрокуратурасы

28 марта 2023
Мемлекетке жер учаскелері қайтарылды

Махамбет ауданының прокуратурасы жайылымдық жерлерді мақсатты пайдаланудың заңдылығының жай күйіне талдау жүргізді.

Мұндай жерлерді ұзақ уақыт игермеудің көптеген фактілері, сондай-ақ жайылымдар алынған жер пайдаланушыларда малдың болмауы анықталды.

Аудан прокуроры Бағытжан ҚАЛИЕВ хабарлағандай, прокурорлық қадағалау актісі бойынша жергілікті атқарушы орган тиісті шаралар қабылдады.

Мемлекетке кадастрлық құны 25 млн теңгеден асатын жалпы ауданы 11 мың га 34 жер учаскесі қайтарылды.

 

Махамбет ауданының прокуратурасы

20 марта 2023
КЕСТЕ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының алғашқы кәсіптік даярлығына іріктеуге қатысушы кандидаттармен әңгімелесу өткізу

КЕСТЕ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының алғашқы кәсіптік даярлығына іріктеуге қатысушы кандидаттармен әңгімелесу өткізу

 

АТӘ

Күні, уақыты

Өтетін орны

1

Баймагамбетов Нурбахит Максутович

27 наурыз 2023 жыл

сағат 16:30

 

Атырау қаласы, Ә.Молдағұлова 245,

Атырау облысы прокуратурасының ғимараты

2-қабат

2

Балабаев Айдар Дүйсенбайұлы

3

Бапаев Жандос Еркінұлы

4

Жанәділқызы Ұлжан

5

Жантөре Аян Махамбетұлы

6

Жаңбырбаев Нұрмұхамед Талапұлы

7

Жолдасова Жанель Нұрлыбекқызы

8

Жігер Нұрай

9

Куспанов Думан

10

Қами Ибрагимбек Исатайұлы

11

Құмарова Әсем Бақыттықызы

12

Мауыткали Диана Болатқызы

13

Орынов Ануарбек Бердимуратулы

14

Сейілханов Мейрамбек Темірбекұлы

 

        

Кадрларды дамыту тобының басшысы                                             А. Енсепова

18 марта 2023
Атырау облысының прокуратурасында азаптаудың алдын алу мәселелерін талқылады

Облыс прокуроры Бауыржан ЖҰМАҚАНОВТЫҢ төрағалығымен азаматтардың азаптаудан және тергеудің өзге де заңсыз әдістерінен қорғалуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық жедел кеңес өтті.

Іс-шараға облыс бойынша адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өкілі, облыстың құқық қорғау және арнаулы органдарының басшылары қатысты.

«2023 жылдың 1 қаңтардан бастап азаптау деректері бойынша тергеу прокуратура органдарына жүктелді. Президенттің адам құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі бізге білдірген сенімін ақтау үшін азаптауды алдын алуды күшейту және мұндай жағдайлар туралы әрбір дабыл бойынша егжей-тегжейлі зерделеуіміз қажет», - деп атап өтті облыс прокуроры.

Қылмыстық қудалау органдары мен қылмыстық-атқару жүйесінің басшылығына қарамағындағы қызметкерлерді моральдық-адамгершілік ағарту бойынша кадр қызметтерінің әлеуетін күшейтуді және кеңінен қолдануды тапсырды.

Лауазымды тұлғалар назарына жеке амбицияларын қанағаттандыру үшін адамға, оның ішінде қылмытық процестің орбитасына тартылғанға қатысты заңға қайшы әрекеттері үшін қылмыстық жазаланатын салдардың сөзсіз болатыны туралы жеткізілді.

Кеңес қорытындысы бойынша тиісті органдарға тапсырмалармен азаптауға жол бермеу бойынша ұсынымдар әзірленді.

17 марта 2023
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Жандос ӨМІРӘЛИЕВТІҢ 2023 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысында сөйлеген сөзі

Бүгін сағат 24:00-де сайлау алдындағы үгіт жұмыстарының кезеңі аяқталады. Ертең, 18 наурызда және дауыс беру күні – 19 наурызда кез келген үгітті жүргізуге тыйым салынады («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 32-бабы).

14 наурыздан БАҚ-та сауалнама нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға, кандидаттарды қолдауға дауыс беруге байланысты өзге зерттеулерді жариялауға да жол берілмейді.

Мұндай сауалнаманы дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте жүргізуге болмайды («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағы).

Оларды, тіркелген және Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде хабардар еткен заңды тұлғалар ғана сайлау учаскелерінен шыға берісте жүргізе алады.

Аталған сауалнамалардың нәтижелерін БАҚ-да дауыс беру күнінен кейін, яғни 2023 жылғы 20 наурыз сағат 00:00-ден бастап жариялауға рұқсат етіледі.

Конституциялық заңның осы талаптарын орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102 және 120-баптарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Аталған заң талаптары Парламент Мәжілісі депутаттарымен қатар, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына да қатысты.

***

Сайлау заңнамасының нормаларын сақтауда ерекше рөл сайлау комиссияларының мүшелеріне жүктеледі.

Заңда олардың келесідей әрекеттері үшін жауапкершіліктері көзделген:

- азаматтардың сайлаушылар тізімімен танысу құқығын бұзуы немесе дауыстарды санау басталғаннан кейін оларға өзгерістер енгізуі;

- азаматтарға басқа адамдардың атынан дауыс беру мүмкіндігін беру мақсатында дауыс беру үшін бюллетеньдерді ұсынуы;

- дауыс беру қорытындылары туралы мәліметтерді ұсынбауы.

Бұл әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (106-бап - ескерту немесе 30 АЕК айыппұл, 121-бап - 25 АЕК айыппұл, 110-бап - 25 АЕК айыппұл, 119-бап - 25 АЕК айыппұл).

Қылмыстық жауаптылық Қылмыстық кодекстің 150-бабымен - сайлау құқықтарын жүзеге асыруға кедергі жасаған үшін (100 АЕК айыппұлдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін) және 151-бабымен, яғни сайлау құжаттарын бұрмалаған немесе дауыстарды дұрыс есептемеген (4 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін) жағдайда туындайды.

***

Сайлаудың жариялылығы мен ашықтығына әсер ететін қатысушылардың тағы бір санаты, олар – саяси партиялар, басқа да аккредитациясы бар қоғамдық бірлестіктер, Қазақстанның коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары және кандидаттардың сенімді адамдары.

Олардың қызметі, құқықтары мен міндеттері Конституциялық заңмен реттелген (20-1, 20-2, 31-баптар).

Бұл заң байқаушылар мен сенімді адамдарға құқықтармен қатар, бірқатар міндеттерді жүктейді. Олардың сақталмауы тиісті құқықтық салдарға әкеп соғады.

Олар өздерімен бірге жеке басын және өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды, ал шетелдік байқаушылар – олардың жеке басын және аккредитациясын куәландыратын құжаттарды алып жүруге міндетті.

Сайлау процесіне, дауыстарды санау тәртібіне, сайлау комиссиясының шешім қабылдауына араласпауы керек. Жалпы, олар сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін әрекеттерге бармауға міндетті.

Сайлау учаскесінде өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау туралы сайлау комиссиясы төрағасының талаптарын орындауға міндетті.

Дегенмен, байқаушылар мен сенімді адамдар дауыс беру процесіне және оның қорытындысын шығаруға кедергі келтірместен, фото-, аудио- және бейнежазбалар жасауға құқылы.

Бұл ретте осы құқықты жүзеге асыру адамның Конституцияда кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарына, дауыс беру құпиясын сақтау қағидатына қол сұға алмайды.

Кез келген адамның бейнесін оның келісімінсіз пайдалануға ешкімнің құқығы жоқ (Азаматтық кодекстің 145-бабы).

Осылайша, фото-, аудио- және бейнежазба мен байқау дауыс беру құпиясын, сайлаушылар тізімін және олардың дербес деректерін қорғау қажеттілігін ескере отырып қана жүргізілуі мүмкін.

Оларды бұзу ӘҚБтК-нің 79-бабы бойынша (жеке деректер туралы заңнаманы бұзу) әкімшілік жазаға, ал егер елеулі зиян келтірілсе, ҚК-нің 147-бабы бойынша (жеке деректер мен дербес деректерге қол сұғылмаушылықты бұзу) қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Байқаушылар қолданыстағы заңнаманы бұзған жағдайда, тиісті сайлау комиссиясы байқаушыны оны тіркеуден және учаскеден шығаруға құқылы.

Егер шетелдік байқаушы заңның бұзылуына жол берсе, онда Орталық сайлау комиссиясы тиісті сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша оның аккредитациясын кері қайтарып алуға құқылы.

Байқаушылар мен сенім білдірген адамдар өз құқықтарын заңды бұзбай жүзеге асыратынына сенімдімін.

***

Өздеріңіз білетіндей, а.ж. 18 ақпанда Бас прокуратура Орталық сайлау комиссиясының алаңында және бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ өңірлердің прокурорлары сайлау алдындағы үгітті жүргізу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілікті түсіндірген.

Алайда Мәжіліс депутаттарының сайлауында сайлау туралы заңнаманың бұзылуына жол берілді.

Бізбен осындай 23 факт анықталды.

Барлық құқық бұзушыларға бізде бірыңғай көзқарас.

Бүкіл фактілер тексерілді. Кінәлілер әкімшілік жазаға тартылды.

Ең көбі тыйым салынған кезеңде үгіт жүргізгені үшін. Мұндай фактілердің 12-сі тіркелді.

Оның ішіндегі 6 жағдайда кінәлілер үш заңды тұлға және үш азамат болып шықты. Олар кандидаттар емес.

Қалған 6 жағдайда үгіт жұмыстарын заңсыз, яғни кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін (18 ақпан сағат 18:00-ге дейін) Мәжіліс депутаттығына кандидаттар жүргізген.

Олар бір мандатты округтер бойынша тіркелгендер.

Біз оларды жауаптылыққа тарту үшін ОСК-нің келісімін алдық.

Сот ӘҚБтК-нің 102-бабы бойынша айыппұл салғаннан кейін және сот актілері заңды күшіне енген соң тиісті округтік сайлау комиссиялары («ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңның 89-бабы 4-3-тармағы 3) тармақшасы) олардың тіркеуінің күшін жойды.

Бұл заң талабы.

Алматы қаласындағы тағы бір кандидат ӘҚБтК-нің 122-бабы бойынша жазаға тартылды. Ол сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзып, азаматтарға тегін такси қызметін көрсеткен. Кінәсін мойындады, оның да тіркеуінің күші жойылды.

Үгіт жүргізу кезеңінде Қарағанды қаласының 2 тұрғыны ӘҚБтК-нің 114-бабы бойынша үгіт материалдарын жұлып, бүлдіргені үшін жауапқа тартылды.

Олар құқық бұзушылық жасағанын мойындаған соң, қысқартылған тәртіпте, яғни тиесілі ең жоғары айыппұл сомасының 50% (15 айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салынды. Бұған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен рұқсат етілген.

3 факт сайлау бойынша (Астана-1 және Алматы-2) қоғамдық пікірге заңсыз сауалнама жүргізумен байланысты.

Заң бойынша оларды 5 жылдық тәжірибесі бар және ОСК-сын алдын ала хабардар еткен заңды тұлғалар ғана жүргізуге құқылы.

Осы Заң талаптарын бұзған 2 рет жеке тұлға және 1 заңды тұлға әкімшілік жазаға тартылды.

Бұл сауалнамалардың барлығы әлеуметтік желілерде жүргізілген.

Анонимдік үгіт материалдарын (дайындалған жері, таралымы, қандай қаражаттан төленгені туралы деректерінсіз) таратудың 5 фактісі анықталды. Олар бойынша 4 адам ӘҚБтК-нің 113-бабымен жауапқа тартылды – 3-уі Ақмола облысынан кандидаттың өкілдері, 1-уі – БАҚ өкілі.

Осындай құқық бұзушылық үшін Түркістан облысынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың бірін жауаптылыққа тарту үшін біз Орталық сайлау комиссиясының келісімін алдық.

Бұл кандидаттың тіркеуінің күшін жоюға әкеп соқтырмайды.

17 наурыздан бастап, яғни дауыс беретін күнге екі күн қалғанда кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұрын тіркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейді («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 89-бабы 4-3-тармағының 4-тармақшасы).

***

Мәслихаттарға депутаттардың кезектен тыс сайлауы туралы айтатын болсақ, мұнда прокурорлар 11 заң бұзушылықты анықтады.

Олар Мәжіліс депутаттарының сайлауымен іспеттес.

6 азаматқа ӘҚБтК-нің 114-бабы бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт материалдарын бүлдіргені үшін айыппұл салынды.

Алматыда Пәтер иелері кооперативінің (КСК) төрағасы қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттардың біріне қызмет көрсетілетін үйлердің кіреберістерінде үгіт материалдарын орналастыруға рұқсат берген, ал екіншісіне тыйым салған.

Осы арқылы ол аталған кандидатқа үгіт жұмысын жүргізуге кедергі келтіргені үшін ӘҚБтК-нің 103-бабы бойынша жазаға тартылды.

Ағымдағы жылғы наурыздың басында Қарағанды облысының тұрғыны учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі бола тұра, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттың үгіт материалдарын таратқаны байқалған.

Бұған заңмен тыйым салынған. Сондықтан, комиссия мүшесіне ӘҚБтК-нің 122-бабының 1-бөлігі (сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізу шарттарын бұзу) бойынша айыппұл салынды.

Түркістан облысында қалалық мәслихат депутаттығына кандидат сайлау алдындағы үгіт жүргізу шарттарын бұзған.

Ол құм-қиыршық тас қоспасын төсеу бойынша тегін қызмет көрсеткен. Сол үшін сот оған ӘҚБтК-нің 122-бабының 2-бөлігі бойынша 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды.

Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір мәслихат депутаттығына кандидат анонимді үгіт материалдарын таратқаны үшін ӘҚБтК-нің 113-бабы бойынша тартылды (шығыс деректерінсіз, дайындау орны, таралымы, қандай қаражаттан төленді).

Кандидат өз кінәсін мойындағанына байланысты, оған қысқартылған тәртіппен 12,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Атырау қаласында жергілікті газетте облыстық мәслихат депутаттығына 2 кандидаттың үгіт материалдары жарияланған.

Бірақ, бұл БАҚ тиісті сайлау комиссиясына баспа алаңын беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді ұсынбаған, ол «ҚР-дағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағын бұзу болып табылады.

Құқық бұзушылықты мойындаған баспа басылымының меншік иесі қысқартылған өндіріс тәртібінде ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігі бойынша айыппұлға (25 АЕК) тартылды.

Осыған байланысты сайлау процесінің барлық қатысушыларынан заңды қатаң сақтауды және бұзушылықтарға жол бермеуді сұраймын

Сайлау процесінің заңдылығын жоғарғы қадағалауды жалғастырудамыз.

 

09 марта 2023
Атырау облысы прокурорының орынбасары тағайындалды

Облыс прокуроры ұжымға Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен тағайындалған Атырау облысы прокурорының орынбасары Ғалымжан Ниязбекұлы Тілеубаевты таныстырды.

Ғ.Н. Тілеубаев прокуратура органдарында 2002 жылдан бастап қызмет етеді.

Кезең-кезеңімен Қызылорда облысының прокуратурасы және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында лауазымдар атқарды. 

Соңғы 5 жылда Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары лауазымын атқарған.

Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.

09 марта 2023
Бекіре балықтарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жаза қатаңдатылды

2019 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңмен браконьерлік үшін жаза күшейтілді.

Бүгінге, Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті органдармен заңсыз балық айналымына қарсы күресте бірқатар жұмыс атқарылды.

Атап айтқанда, балықтарды, оның ішінде бекіре тұқымдас балықтарын заңсыз қолға түсіру, иемдену, тасымалдау, сақтау және өткізу қылмыстары үшін 93 адам сотталды, оның 26-сы – нақты бас бостандығынан айыру жазасына.

Олардың заңсыз іс-әрекеттері нәтижесінде мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келтірілген.

Мысалға, азамат «Ш.Р.» бекіре тұқымдас балықтарын заңсыз иемденгені және сақтағаны үшін мемлекетке келген залал 130 млн теңге өндіруімен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталға.

Табиғатқа келтірілген залал тек бекіре тұқымдас балықтары мен оның дериваттарын аулағандарға ғана емес, оны заңсыз иемденген, сақтаған және тасымалдағандарға да қойылатынын атап өту қажет.

Осыған байланысты, облыс тұрғындары мен қонақтарын бекіре тұқымдас балықтары мен дериваттарын арнайы дүкендерден және олардың заңдылығын растайтын құжаттары болған кезде ғана сатып алу қажеттілігіне назар аударамыз.

 

Атырау облысының мамандандырылған

табиғат қорғау прокуратурасы

28 февраля 2023
Азаптау мәселесіне қатысты кезекшілік

Азаптауларға және өзге рұқсат етілмеген тергеу әрекеттеріне қарсы іс-қимыл бойынша облыс прокуратурасында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

27 февраля 2023
Алаяқтардан сақ болыңыздар!

2022 жылы Атырау облысының аумағында «Алаяқтық» бабы бойынша 146 қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Мысалы, азамат «С.М.» әлеуметтік желі арқылы автокөлікті жалға алу жөнінде жалған жарнама берген. Осы жарнамаға алданған 15 жәбірленуші өздерінің автомашиналарынан айырылып, оларға аса ірі мөлшерде мүліктік залал келтіріліп, алаяқтың құрбаны болған.

Атырау қаласы №2 сотының үкімімен С.М. ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, жәбірленушілердің пайдасына 74 млн теңге қаражат өндірілді. 

«Алаяқтық – бұл қылмыстық құқық бұзушылық, құрбан алданудың нәтижесінде өз мүлкін немесе оған құқығын өз еркімен беріп қояды.

Құқығын өз еркімен бергеніне қарамастан, алаяқтарға заң алдында бәрібір жауап беруге тура келеді. Мұндай қылмыс үшін - мүлкі тәркіленіп, айыппұлдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген» - деп мәлімдеді облыс прокуратурасының басқарма бастығы Бекбала АҚЫЛБЕКОВ.

Бүгінгі таңда қылмыстардың көпшілігі банк карталарын пайдалану арқылы, қашықтан қол жеткізу жолымен жасалуда. Алаяқтар өздерін банк өкілі ретінде таныстыра отырып, карта пайдаланушысына қоңырау шалып, күмәнді операциялардың болуы мүмкін екендігін хабарлай отырып және оларды бұғаттау мақсатында, мобильді қосымшаларды орнату жөнінде немесе құпия мәліметтің хабарлама кодын сұрайды.

Сондықтан қадағалау ведомствасының өкілі азаматтарға интернет алаяқтардан сақ болуды, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауды ұсынды.

Социальные сети
youtube
telegram
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы