Атырау облысы прокуратурасының бастамасымен мектеп лагерьлерінде суда және көшелердегі қауіпсіздік туралы тақырыптық сағаттар өтуде.
Аталған іс-шаралар тек әңгімелесу форматында ғана емес, құтқарушылар мен полицейлерде бар техникаларды қолдану арқылы өтуде. Балаларға төтенше жағдай кезінде мамандар қалай жұмыс жасайтындарын және техниканы қалай қолданатындары түсіндірілуде. Бұл әдіс тиімді.
Бұл жерде басты мақсат жай ғана әңгімелесу емес, балаларға проблеманың өзектілігін жеткізу, түсіндіру.
Бұл жұмыспен барлық мектеп жанындағы лагерьлерді қамту жоспарлануда.
Бастысы, балалар қауіпсіздігі – ортақ іс екенін барлығы түсіну керек.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 385 бабына сәйкес, жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді (мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау) дайындап өткiзгені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Жүргізілген талдаумен бюджеттік мекемелерге және квазимемлекеттік секторға жұмысқа орналасу уақытында көбіне жалған дипломдар пайдаланылатыны анықталды (жоғары оқу орнын аяқтағаны туралы).
Әрине мерзімді тексерулер жалған дипломдарды анықтап, жауапкерішілікке тартуға жеткізгенімен, түпкілікті мәселе шешілмеуде.
Атырау облысы прокуратурасының бастамасымен ҚР-сы Білім және ғылым министрлігіне аталған мәселені шешу үшін жоғары және арнайы білім беру түлектері тіркелетін ақпараттық базасын «www.egov.kz» веб-порталымен интеграциялау туралы ұсыныс енгізілді.
Демек, жұмыс берушілер қызметке қабылдау барысында дипломның дұрыстығын растайтын анықтаманы «www.egov.kz» және «электронды үкімет порталы» (ХҚО) арқылы сұрата алады.
Қазіргі уақытта ҚР Білім және ғылым министрлігімен ұсыныс қолдау тауып, аталған жүйені интеграциялау жұмыстары жүргізілуде (жұмыстың аяқталуы 2017 жылдың 4 тоқсаны).
Атырау облысының прокуроры Ғ.И. Тоғызбаев «Журналистер күні» мерекесі қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Облыс прокуроры журналистерді құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, береке-бірлік, шығармашылық шабыт пен табыстар тіледі.
Өз кезегінде, БАҚ өкілдері прокуратура тарапынан көрсетілген ықылас пен белсенді қарым-қатынас үшін ризашылықтарын білдірді.
Құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайтуға үлес қосқандары үшін БАҚ өкілдеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Атырау облысының прокуратурасы
Облыс прокуратурасының бастамасы бойынша облыс әкімінің қолдауымен «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бірлескен іс-шара шеңберінде мүдделі органдардың (облыстық дін істер, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау басқармалары) қатысуымен халық арасында денсаулық сақтау, білім, еңбек және әлеуметтік қорғау, дін, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес салаларында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесулер барысында облыстық дін істер басқармасымен дайындалған терроризм құрбандарына арналған «Ұл» қысқаметражды фильмі көрсетілді.
Бұл фильмнің сюжеті шынайы өмірден алынған, онда деструктивті діни ағымдардың салдарынан қазақ отбасында болған трагедия бейнеленген.
Жалпы халық аталған шараларды жақсы қабылдап, алғыстарын білдірді.
Атырау облысының прокуратурасы
05.06.2017 года в региональной службе коммуникаций проведена пресс-конференция приуроченная ко дню «Всемирного дня окружающей среды» с участием прокурора Атырауской области Тогизбаева Г.И. и первых руководителей уполномоченных государственных органов в сфере экологии и крупных промышленных предприятий области.
Прокурором области озвучены результаты деятельности прокуратуры в сфере охраны окружающей среды, в т.ч. об итогах акции «Бекіре-2017».
В ходе пресс-конференции даны исчерпывающие ответы на вопросы журналистов об экологическом состоянии области.
День открытых дверей Прокуратурой Атырауской области, в целях мотивации студентов к службе в органах прокуратуры, 18 мая 2017 года проведена акция «День открытых дверей». Для участия в мероприятии были приглашены преподователи и студенты факультета «Экономика и право» Атырауского государственного университета имени Х. Досмухамедова, обучающиеся по специальности «правоведение». В рамках акции прокурор области Тогизбаев Г.И. встретился со студентами и ответил на интересующие их вопросы, был разъяснен порядок поступления на службу в органы прокуратуры. Сотрудники управлений прокуратуры области ознакомили их с основными направлениями деятельности органов прокуратуры. Также было организовано посещение студентами музея прокуратуры области.
Ғаламтор мен электронды төлем құралдары қарқынды дамуда. Нарықта осы құралдарға ақшаны тиімді инвестициялаймыз деген сияқты көптеген ұсыныстар бар. Алайда оны қалай дұрыс жасау керектігін барлығы бірдей біле бермейді.
Оны алаяқтар өз мақсаттарына пайдалануда. Қаржы пирамидаларының адал ұйымдардан айырмашылығы неде?
Біріншіден, олар орасан зор пайдаға кенелтемін деген уәдемен адамдарды жаппай өздеріне тартады. Ал ондай пайданы ешбір банк те, ешбір басқа ұйым да қамтамасыз ете алмайды. Бұл күмән туғызуы керек.
Екіншіден, олар шет елде тіркелген, құрылтайшылары белгісіз, ақша шет елге шығарылады.
Олардың өкілдері ақшаны қалай табатындарын және алынған қаражатты қайда салатындарын нақты, анық түсіндіріп бере алмайды. Оның орнына сіз маңызды серіктес пен жобалар туралы алдын ала дайындалған әңгімелерді естисіз, әдемі буклеттерді көресіз.
Үшіншіден, олар сіз жаңа клиенттер әкелсеңіз, қосымша табыс төлейтіндерін уәде етіп үнемі ынталандырып отырады.
Осы белгілердің барлығы Қазақстанда жарнамасы мен қызыметіне тыйым салынған қаржы пирамидасына нақ кез болғаныңызды көрсетеді (ӘҚБ Кодексі 150-бап және ҚР ҚК 217-бап).
Егер сіз алаяқтарға алданып қалған болсаңыз, полицияға немесе экономикалық тергеу қызметіне жүгінуіңіз керек.
Жақында БАҚ-та «Questra Holdings Inc.» компаниясы туралы мақала жарияланды. Ол туралы Парламент депутаттары да айтты.
Бұл туралы келесі жұмыстар атқарылды.
Бірінші. Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен ішкі істер органы осы жылдың 15 наурызынан «Questra Holdings Inc.» қатысты қылмыстық іс бастады.
Екінші. ІІМ-не бүкіл ел бойынша тергеу ұйымдастыру үшін тергеу тобын құруға нұсқау берілді.
Үшінші. Ұлттық Банкпен, ІІМ-мен және Мемлекеттік кірістер комитетімен бірігіп жағдайды бақылауға алып, қаржы пирамидаларының қызметтерін бұлтартпау үшін шаралар қабылдаймыз. 2
Азаматтарды сақ болуға және өз қаражаттарын алаяқтарға сеніп тапсырмауға шақырамыз. Күмән туған жағдайда, ақшаны салмас бұрын құқық қорғау органдарына жүгінген жөн.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
26.04.2017 жылы Атырау облысы прокуратурасы жанындағы құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі Консультативтік Кеңес отырысында облыстық маслихат депутаттары, кәсіпкерлер палатасы мен кәсіподақ орталығы төрағаларының қатысуымен суицид жасау себептері мен олардың профилактикасы мәселелері талқыланды.
Облыс прокуратурасымен 2015 жылдан кәмелеттік жасқа толмағандар арасында суицид профилактикасы бағытында кең ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Суицид профилактикасы мақсатында психологтардың қатысуымен білім беру мекемелерінде пайдалану үшін әдістемелік нұсқама жасақталған («Жасөспірімдердің өздеріне қол жұмсау әрекеттерін уақытылы анықтау және оның алдын – алу шаралары»).
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізумен 2016-2017 жылдар аралығында кәмелеттік жасқа толмағандар арасында суицидке үгіттейтін 50 топ (1802 қатысушысымен) қызмет тоқтатылды.
Атқарылған жұмыстар нәтижесімен кәмелеттік жасқа толмағандар арасында суицид 29% төмендеген.
Сонымен қатар, статистикалық мәліметтерге сәйкес 2016 жылы жастар арасында (18 ден 29 дейін) суицид фактілерінің 109% (c 155 до 324) өсуі орын алған.
Суицидтің себептері әр-түрлі сипатта, соның ішінде жалғыздық (11), ауыр материалдық жағдай (1), банкроттық (1), туыстарымен қарым-қатынастың шиеленісуі (3), отбасы қатынастарының бұзылуы (2), ауыр аурулар (1), жазалау туралы қорқыныш (1) және т.б.
Отырыс нәтижесімен Консультативтік Кеңес мүшелері уәкілетті органдарға мұқтаж азаматтарға психологиялық көмек көрсету, өмірдің моральдік құндылықтары туралы БАҚ-да кең жариялау, сенім телефондарының оң жұмыс жасауына кешенді шаралар қабылдау және т.б. туралы ұсынымдар берді.
Аталған бағытта жұмыстар үнемі негізде жалғасуда.
Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі
24.04.2017 жылы Қызылқоға ауданының прокуроры Б.Тоғызбаевпен «Халыққа арналған прокуратура» өзгерістер бағдарламасының аясында «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-не шығу арқылы жеке қабылдау өткізілді.
Шара барысында 30-дан астам жұмысшының қатысуымен еңбек ұжымымен кездесу жүргізілді.
Кездесуде ұйым жұмысшыларының еңбек құқықтарына, оның ішінде еңбек төлемі, қауіпсіз еңбек үшін қажетті жағдай жасалуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ, алимент төлеу тәртібі, жер, әкімшілік және т.б. заңнама нормалары түсіндірілді.
Аудан прокуратурасымен кездесудің нәтижесі бойынша еңбек ұжымымен заң бұзушылықтар жөніндегі, оның ішінде еңбекақы қарыздарына қатысты арыздарды жолдаудағы қарым-қатынас реттілігі айқындалды.
Кездесудің соңында аудан прокуроры ұжым жұмысшыларының көптеген сұрақтарына жауап берді.
Атырау облысының прокуратурасы
Ағымдағы жылдың 5-ші сәуір күні Атырау облысының прокуроры Тоғызбаев Ғалымжан Исатайұлы жалпы режимді УГ-157/11 (әйелдер колониясы) түзеу мекемесінде болды.
Облыс прокуроры әйелдер колониясындағы тұрғылықты мекемендерді аралап, әр түрлі сұрақтармен (үкімдерге шағым жасау, басқа түзеу мекемелеріне ауыстыру, мүлікті тәркілеу және т.б.) 12 сотталғанға жеке қабылдау жүргізді.
Облыс прокурорымен түзеу мекемесі әкімшілігіне жұмыс орындарды көбейту бойынша шаралар қабылдау қажеттілігіне назар аударылды.
Атырау облысының прокуратурасы