БП
Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Прокуратура туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Мемлекет атынан қылмыстық қудалау
18 мая 2022
Сақ болыңдар, алаяқтар!

Соңғы кезде онлайн-несие берумен айналысатын микроқаржылық ұйымдарының саны көбейді.

Мұның себебі осындай ұйымдардан несие алу әлдеқайда тез және оңай болуында.

«Өз кезегінде алаяқтар осыны пайдалана отырып, ештеңеге күдіктенбейтін азаматтарға микроқаржылық ұйымдардан онлайн-несиелерді ресімдеуде. Бұл туралы олар өздерінің банктік шоттары бұғатталған кезде немесе сот орындаушыларынан қоңыраулар түскен кезде біледі», - деп атап өтті облыс прокурорының орынбасары Абзал ГИЛИМ.

Мысалы, «Ч.» азаматы бөтен адамдардың жеке мәліметтерін пайдаланып, микроқаржылық ұйымдардан онлайн-несиелерді заңсыз ресімдеген.

Оның әрекеттерінен өңірдің 97 тұрғыны зардап шекті. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда.

Осыған байланысты облыс прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және бейтаныс адамдарға өздерінің дербес деректерін (ЖСН, жеке куәлік нөмірлерін және т.б.) жолдамауға, әлеуметтік желілерде төлем карталарының деректемелерін жарияламауға, күмәнді интернет-ресурстарда өздерінің банктік карталарының деректерін енгізбеуге кеңес береді.

Интернет-алаяқтық фактілері анықталған жағдайда азаматтар құқық қорғау органдарына хабарласуы қажет.

 

 

Атырау облысының прокуратурасы

Мемлекет атынан Қазақстан Республикасы аумағында заңдылықты сақтауды жоғарғы қадағалау
13 мая 2022
Аурухана басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Махамбет аудандық ауруханасының директорына мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін 136 835 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Махамбет ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесімен аурухана директоры мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша қабылдаған міндеттемелерін тиісінше орындамаған 3 өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы арызбен сотқа жүгінбегені анықталған.

Осыған орай, аудан прокуратурасы Атырау облысы бойынша мемлекеттік ішкі аудит департаментіне заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізіп, аурухана директоры ӘҚБтК-тің 207 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, аудан прокуроры Бағытжан Қалиев хабарлағандай, аталған аурухана тегін негізде өткізілуге тиіс санаттарға жатпайтын 84 адамды «COVID-19» коронавирус инфекциясы бойынша ПТР тексеруден өткізіп, 414 251 теңгені негізсіз жұмсаған.

Аталған заң бұзушылықтар бойынша Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасына бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізіліп, қаражат бюджетке өндірілуде.

 

Махамбет ауданының прокуратурасы

Мемлекет атынан Қазақстан Республикасы аумағында заңдылықты сақтауды жоғарғы қадағалау
12 мая 2022
ПТР анықтамасын негізсіз талап еткен

Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығы прокуратура органдарының үнемі қадағалауында.

Ағымдағы жылдың қаңтар айының 25-інде  «Теңіз, Прорва, Морской және Теңізге іргелес басқа да кен орындарда коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» Жылыой аудандық санитариялық дәрігерінің №9 қаулысы шыққан.

Аталған қаулының талаптарына сай, кіру кезінде эпидемиологиялық  жағдай тұрақталғанға дейін COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың бар жоғына қарамастан басқа өңірлерден Атырау облысына вахтаға келетін адамдар тұрғылықты мекен-жайы бойынша  COVID-19-ға ПТР тестілеуге жатады және қорытынды берілген күннен бастап 5 тәулікке жарамды.

Алайда талаптың бұл бөлігі еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына қайшы келетіндігі анықталды, аталған қаулыға сай вахтаға келген жұмысшылардың вакцинация туралы құжаты болса, онда ПТР тестілеуден өтуі қажет емес.

Соған қарамастан, аудан аумағындағы барлық ұйымдардың медицина қызметкерлерімен Жылыой аудандық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысын басшылыққа алып, қауіпті індетке қарсы вакцинацияның паспортына қоса COVID-19-ды жұқтырмағандығын растайтын ПТР анықтамасы негізсіз талап етілген.

ПТР әдісімен тексерілуі үшін зертханалық шығынды жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен төлеп отырғандығы да анықталып, заңды тұлғалардың құқықтары бұзылған.

Осы орайда, Жылыой ауданы прокуратурасының наразылығы негізінде аудандық санитариялық дәрігердің ПТР әдісімен тестілеу қаулысы жойылып, 282 кәсіпорын мен ондағы жұмысшылардың құқықтары қорғалды.

 

 

Жылыой ауданының прокуратурасы

03 мая 2022
Мектеп оқушыларының құқығы қорғалды

Қазақстан Республикасының Президенті 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады.

Бұл бағытта облыс прокуратурасы қадағалау аумағында білім беру ұйымдарының қызметтеріне талдау жүргізді.

Нәтижесінде облыс аумағында 37 мектептің ғаламтор желілеріне шектеулер қойылмаса, 9 мектепте мүлдем ғаламтор желісі орнатылмағаны анықталды.

Прокурорлық ықпал ету шараларымен мектептер ғаламтор желілерімен қамтамасыз етілді және ғаламтор желілерінде оқушы балаларға тыйым салынған сайттарға қол жетімділік бұғатталып, 40 мыңнан астам оқушының құқығы қорғалды.

Заң бұзушылыққа жол берген білім беру ұйымдарының басшылары тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Сотта мемлекет мүдделерін білдіру
03 мая 2022
Экология прокурорлардың қорғауында

Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы тиісті лицензиясыз медициналық қалдықтарды өңдеу және жою бойынша қызмет көрсету фактілерін анықтады.

Атап айтқанда, жаңа экологиялық кодекстің және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның талаптарына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге, оның ішінде қауіпті қалдықтарды қайта өңдеуге, залалсыздандыруға, кәдеге жаратуға және (немесе) жоюға лицензия талап етіледі. 

Алайда, «Атаким» ЖШС-і мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға сәйкес Атырау қаласының медициналық мекемелеріне тиісті рұқсат құжаты болмай, медициналық қалдықтарды кәдеге жарату жөнінде қызметтер көрсетті. 

Қабылданған прокурорлық ден қою шараларымен қаланың 15 емханасы мен 2 оңалту орталығымен жасалған 22,4 млн теңге сомасына медициналық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша қызметтерге мемлекеттік сатып алу туралы 19 шарт бұзылды, олардың 14 жауапты тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, облыстық экология департаментіне ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша (яғни тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік қызметпен айналысу фактісі бойынша) кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бағытында шаралар қабылдау жөнінде заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізілді.

 

 Атырау облысының мамандандырылған

табиғат қорғау прокуратурасы

Сотта мемлекет мүдделерін білдіру
03 мая 2022
Кәсіпкерлер құқығы қорғалды

Облыс прокуратурасының мобильді тобы 19 кәсіпкерлік субъектесінің құқықтарын қорғады.

Мәселен, кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытында құрылған мобильді топтың сенім телефонына «Мако» ЖШС-нің директорынан Жылыой ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы негізсіз камералдық бақылау орнатып, талдау жұмыстарын жүргізгені туралы хабарлама түсті.

Басқармамен салық құжаттарының көшірмелерін алу үшін сұрау-хаттар жолданғаны анықталды.     

Бұл жерде Басқарма кәсіпкерлік субъектілерінен аталған құжаттар көшірмелерін тек тексеру жүргізу кезінде ғана сұратуға құқылы еді.

Прокуратура органдары жүргізген қадағалау жұмыстары нәтижесінде мемлекеттік кірістер органдарымен «Мако» ЖШС-нен бөлек 18 кәсіпкерлік субъектісінен мәліметтер заңсыз сұратылғаны анықталды.

Бұл дерек бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, кәсіпкерлік субъектілеріне жолданған сұрау-хаттардың күші жойылды.

27 апреля 2022
Мектеп оқушысына дене жарақатын келтіру фактісі бойынша

25.04.2022 жылы №36 мектепте 10 сынып оқушысына дене жарақатын қасақана келтіру фактісі бойынша №2 қалалық полиция бөлімімен Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігінің 8-тармағымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллиннің хабарлауы бойынша жедел-тергеу іс-шараларымен 11 сынып оқушысы болып табылатын кінәлі тұлға анықталды. Оқиғаның барлық куәгерлерінен жауап алынды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері, оның ішінде сот-медициналық сараптамалар жүргізілуде.

- Кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламағаны үшін мектеп директоры ӘҚБтК-нің 127-1-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылды, - деп атап өтті А.Тайтуллин.

Бүгінгі күні қала прокуратурасымен уәкілетті органдармен кәмелетке толмағандар арасында қабылданып жатырған профилактикалық жұмыстардың толықтығына тексеру басталды.

Нәтижесімен кінәлі тұлғалардың жауапкершілігі қаралатын болады.

Аталған мәселе облыс прокурорының жеке бақылауында.

26 апреля 2022
Прокурорлар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды балалар жылы деп жариялай отыра, балалардың құқықтарына аса көңіл бөлуді атап өткені белгілі.

Атырау қаласының прокуратурасы балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау кезінде олардың өмірі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді.

Талдау барысында мектеп автобустарының жүргізушілерінде көлік құралдарын басқару құқығының тиісті санаты болмағаны анықталды.

«Бұдан басқа, көлік құралдарын міндетті техникалық тексеру жүргізілмейтіні анықталды. Бұл балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді», - деп бөлісті ведомствода.

Талдау нәтижелері бойынша қала прокуратурасымен заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізілді.

Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллин хабарлаған-дай, прокурордың актісі бойынша қала мектептерінің 5 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, мектеп автобустарының 2 жүргізушісі жұмыстан шеттетілді.

Көрсетілген салада анықталған бұзушылықтар жойылды, мектеп автобустарының жүргізушілеріне және көлік құралдарына қойылатын талаптар сәйкестікке келтірілді.

Одан басқа, прокуратура балалардың қоғамдық көлікте тегін жүруін қамтамасыз етті.

Белгілі болғандай, Атырау қалалық мәслихатының 27.03.2015 жылғы №268 шешімінің талаптарына қарамастан, екінші сапардан кейін балалардан жолақысын төлеуді талап етілген.

«Прокурордың актісі бойынша заң талаптарына сәйкес тегін жол жүру қамтамасыз етіліп, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп қорытындылады қала прокуроры.

01 апреля 2022
Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Атырау облысының Үйлестіру кеңесінің жоспардан тыс отырысы туралы

2022 жылғы 31 наурызда облыс прокуроры Халидулла ДӘУЕШОВТІҢ төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Атырау облысының Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.

Іс-шарада жеке адамға қарсы қылмыстардың алдын-алу бағытында құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылының тиімділігі мәселесі талқыланды.

Тиісті баяндамалармен облыс прокуратурасының Қылмыстық қудалау басқармасының және Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастықтары шықты.

«Ата Заңымызға сәйкес еліміздің ең қымбат қазынасы ол адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар, ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ», – деп мәлімдеді қадағалау органының басшысы.

Кеңес отырысында қылмыстық қудалау органдарына азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету жөнінде тиісті ұсыныстар берілді.

«Профилактикаға жауапты мемлекеттік органдар өз құзыреті шеңберінде тиісті жұмыстарды жүргізіп, жеке адамға қарсы қылмыстарды болдырмау шараларын күшейту қажет», – деп қорытындылады облыс прокуроры.

28 марта 2022
ҮНДЕУ «Прокуратура туралы» Заңының 31-бабының тәртібімен

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

 

Соңғы уақытта облыс кәсіпорындарындағы еңбек даулары жиілеп кетті.

Көбінесе олар стихиялық ереуілдерге көшеді.

Әлеуметтік-экономикалық және кәсіптік талаптарды қанағаттандыру мақсатында қызметкерлер ереуіл жариялауға құқылы.

Алайда, бұл үшін татуластыру рәсімдерінің кезеңдерінен өту керек, әйтпесе ереуіл заңсыз деп танылады.

Осыған байланысты, ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі 2015 жылғы 23 қарашада қабылданған Еңбек кодексімен (бұдан әрі – Кодекс) реттелетінін түсіндіреміз.

Осылайша, жұмыс беруші үш жұмыс күні ішінде қызметкерлердің қойған талаптарын қарауға және оларды шешу үшін шаралар қабылдауға міндетті.

Оларды шешу мүмкін болмаған кезде өз шешімдері мен ұсыныстарын (жазбаша түрде) қызметкерлерге жеткізу (кодекстің 163-бабының 2-бөлігі).

Бұдан әрі дау татуластыру комиссиясында (жеті жұмыс күніне дейінгі мерзімде) шешілуге тиіс.

Бұл тепе-теңдік негізде тараптардың бірлескен шешімімен құрылған орган.

Татуластыру комиссиясы дауды шешу процесінде қызметкерлермен, жұмыс берушімен және басқа да адамдармен консультация жүргізеді.

Комиссияның шешімі тараптардың келісімі негізінде қабылданады, хаттамамен ресімделеді және тараптар үшін міндетті күші болады.

Татуластыру комиссиясының мүшелері келіссөздерге қатысқан уақытта жалақысы сақтала отырып, жұмыстан босатылады.

Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы татуластыру рәсімдеріне қатысудан жалтаруға құқылы емес екенін атап өтеміз.

Татуластыру комиссиясында келісімге қол жеткізілмеген кезде оның жұмысы тоқтатылады, ал тараптар дауды шешу үшін әкімдік өкілдерін (мемлекеттік еңбек инспекторын) тарта отырып, еңбек төрелігін құрады (Кодекстің 165-бабының 6-бөлігі).

Еңбек төрелігі мүшелерінің саны, оның құрамы және еңбек дауын қарау тәртібі тепе-теңдік негізде тараптардың келісімімен айқындалады (бұл ретте еңбек төрелігі кемінде бес адам болуға тиіс).

Татуластыру комиссиясының мүшелері жұмыскерлердің қаралып отырған талаптары бойынша еңбек төрелігінің құрамына кіре алмайды.

Еңбек төрелігінің шешімі жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей төрелік мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады және орындау үшін міндетті болып табылады.

Төрелік реттемеген мәселелер бойынша соттарға жүгіну қажет.

Бұл ретте жұмыс берушінің немесе прокурордың өтініші бойынша тиісті рәсімді сақтамай ереуіл өткізу тек сотпен заңсыз деп танылуы мүмкін.

Бұл жағдайда сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға мәжбүрлегені және шақырғаны үшін 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен қылмыстық жауапкершілік көзделген (ҚК 157 және 402-баптары).

Азаматтарды қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз ереуілдерге қатыспауға шақырамыз.

Құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын кез келген құқық бұзушылықтың жолын кеседі, сондай-ақ оларға жол бермеу жөнінде заңда көзделген шараларды қолданады.

 

 

Атырау облысының прокуроры                           Х. Дәуешов

Социальные сети
youtube
telegram
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы