БП
Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Прокуратура туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
17 июня 2022
Атырау облысының прокуроры кәсіпкерлерді жеке қабылдау өткізді

Ел Президенті халыққа жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру талабын қойды.

Облыс прокуроры Х.З. Дәуешов кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында Кәсіпкерлер палатасында жеке қабылдау өткізді.

Жалпы қабылдауға 5 кәсіпкер келді. Өтініштер қоғамдық көліктің барлық түрлеріне жеңілдіктер, автобустардың бағытын түзету, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мәселелері, мемлекеттік кірістер органдарының заңсыз хабарлама шығаруы және экологиялық зертхананы аккредиттеу мәселелеріне қатысты болды.

Барлық кәсіпкерлерді олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және олардың заңды талаптарын шешуге жәрдемдесу мәселелері қызықтырды.

Барлық мәселелер бойынша тиісті түсіндірулер беріліп, жекелеген өтініштер облыс прокурорының бақылауына алынды.

Сонымен қатар, бекітілген кестеге сәйкес ай сайын облыс прокуроры Кәсіпкерлер палатасында жеке қабылдау жүргізеді.

 

Атырау облысының прокуратурасы

14 июня 2022
Прокуратура органдары халыққа қауіпсіздік шаралары жөнінде ескертеді

Соңғы уақытта Атырау қаласында иттердің дене жарақатын келтіре отырып азаматтарға, оның ішінде кәмелетке толмағандарға шабуыл жасау жағдайлары жиіледі.

Атап айтсақ, ағымдағы жылдың 6 айында адамдарды ит қабумен ұштасқан 112 фактісі тіркелсе, оның ішінде 70-і кәмелетке толмағандарға қатысты.

Қала прокуратурасы уәкілетті органдардың тарапынан бұралқы иттерді аулау бағытындағы жұмыстарының тиімсіздігіне және «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының тиісті орындалмауына байланысты ұсыну енгізді.

Нәтижесімен, прокуратура, полиция және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінен тұратын арнайы мобильдік топ құрылып, кешенді шаралар жоспары бекітілді.

Қабылданған шараларға қарамастан, адамдарды ит қауып алу фактілері әлі де орын алуда.

Осыған байланысты, прокуратура ата-аналарға өз балаларын қоғамдық орындарда ерекше бақылау жасау қажеттілігін ескертеді.

Бұрынғы жылдары қала прокуратурасы ветеринариялық органдармен ит атылғаны жөнінде жалған құжаттар ұсыну арқылы кәсіпкерге артық бюджет қаражатын аудару фактілерін анықтап тиісті қадағалау актісін енгізді.

Келтірілген залал толықтай өтеліп, жауапты тұлғалар қатаң тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Бүгінгі күні, жануарларды қорғау саласындағы заңнаманың сақталуы, оның ішінде бұралқы иттерді аулау мәселесі қала  прокурорының жеке бақылауына алынды. 

 

Атырау қаласының прокуратурасы

14 июня 2022
Алимент бойынша борышкерге қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Атырау қаласында алимент бойынша борышкерге қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Ер адам ресми түрде жұмыс істеген, бірақ 6 жыл бойы алимент төлемей өзінің табысын жасырған.

Осы уақыт ішінде алимент берешегі 3,5 млн теңгеге жеткен.

Бүгінгі күні тергеу амалдары аяқталып, Атырау қаласы прокуратурасының бастамасымен қылмыстық іс сотқа жолданды.

 

Атырау қаласының прокуратурасы

Мемлекет атынан қылмыстық қудалау
14 июня 2022
Атырау облысында мал ұрлығы 40%-ға азайды

Мал ұрлығы ең резонансты қылмыстардың бірі болып табылатыны белгілі, өйткені мал – ауыл халқының тіршілік әрекетінің негізгі көзі.

2020 жылы мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуді көздейтін заңнамаға өзгерістер енгізілді.

Үй малының халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы үшін зор маңызын ескере отырып, Қылмыстық кодекске 188-1 – бап – «Мал ұрлығы» қосылды, ол бойынша бас бостандығынан айырудың ең ұзақ мерзімі 12 жыл.

Бұл оң нәтиже берді. Ағымдағы жылдың 5 айында өңірде мал ұрлығы өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға (17-ден 10-ға дейін) төмендеді.

Жазаның ауырлығы мен тараптардың татуласуына тыйым салу мал ұрлаудың сенімді тосқауылы болды.

Мәселен, Махамбет ауылының екі тұрғыны екі жыл бойы аудан аумағында мал ұрлығымен айналысып, олардың қылмыстық әрекеттерімен жәбірленушілерге 3 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген.

Сот бұл тұлғаларды алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында мал ұрлығының 9 эпизодын жасағаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысына 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

 

Атырау облысының прокуратурасы

Мемлекет атынан Қазақстан Республикасы аумағында заңдылықты сақтауды жоғарғы қадағалау
08 июня 2022
Қала тұрғындары заңсыз көлік басқару куәліктерін алған

Атырау қаласының прокуратурасы уәкілетті органмен көлік басқару куәліктерін табыстау заңдылығына жүргізген талдаумен сот үкімімен көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылған тұлғаларға  жүргізуші куәлігі табысталғанын анықтады.

Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллиннің айтуынша, аталған талдау жолда құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүргізілді.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, Алматы қаласының Әкімшілік полиция басқармасы арқылы сот үкімімен көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылған Атырау қаласының тұрғыны заңсыз көлік басқару куәлігін алу фактісі де орын алғаны анықталды.

Жинақталған іс-құжаттар процестік шешім қабылдау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне жолданды.

 

Атырау қаласының прокуратурасы

01 июня 2022
Жасөспірімдер қылмысы мәселелері

Мемлекет Басшысы қазақстандықтарға жолдауында 2022 жылды балалар жылы деп жариялады.

2022 жылдың өткен кезеңінде Атырау облысының аумағында кәмелет жасқа толмаған 20 оқушы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, оның ішінде 13 ауырлығы орташа және 7 ауыр қылмыс.

«Мысалы, кәмелет жасқа толмаған оқушы К. "Телеграмм" интернет-қосымшасында жұмыс тәжірибесі жоқ, жалақысы жоғары жаяу курьер қажет екендігі туралы хабарландыруды тапқан. Осы хабарландыруға қызығушылық танытқан кәмелет жасқа толмаған К. курьердің жұмысы деп психотроптық заттарды жасырын орындарға салу, жеңіл материалды байыту мақсатын көздейтінін түсініп, аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында сақтау, тасымалдау, өткізуге бағытталған электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы қылмыстық ниеті анықталған. Нәтижесінде оқушы К. 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған».

Мәселенің маңыздылығын ескере отырып, қадағалау ведомствасының өкілі ата-аналарға балаларын интернет желісінде қатаң бақылауды ұсынады.

 

 Атырау облысының прокуратурасы

Мемлекет атынан Қазақстан Республикасы аумағында заңдылықты сақтауды жоғарғы қадағалау
31 мая 2022
Алимент өтеу – балалардың құқықтарын қорғау

Біздің басшылығымызбен ана мен бала құқықтары қорғалуда.

Облыс прокуратурасының өкімі негізінде ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды, оның басты мақсаты алимент бойынша берешекті азайту және балалардың құқықтарын қорғау болып табылады.

Акция жүргізу аясында уәкілетті органдар 10 жәрмеңке ұйымдастырып, нәтижесінде 42 борышкер жұмысқа орналастырылды.

Бірлесіп жүргізілген рейдтік іс-шаралар қорытындысымен              17 көлік құралы анықталып, борышкерлер 19 баланың алдында 27,2 млн теңге алимент бойынша берешекті толық төледі.

Прокурорлық ықпал ету шаралары негізінде алимент бойынша 62,5 млн теңгеге берешек өндіріліп, осылайша 65 баланың құқықтары қорғалды, 69 (ӘҚБтК-нің 669 бабы) борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 1 (ҚК-нің 139 бабы, Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) борышкер 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды (үкім заңды күшіне енді), сондай-ақ 5 борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар 42 борышкерге қатысты көлік құралдарын басқару құқығы уақытша шектеліп, 102 борышкерге шетелге шығу құқығына уақытша тыйым салынды, сөйтіп 156 баланың құқықтары қорғалды.

Тұрақты негізде 8 780 баланың алдында 5 007 борышкер алимент төлеу бойынша өз міндеттерін атқаруда.

Бүгінге алимент төлемей жүрген 185 қасқөй борышкер анықталып, олардың берешегі 290 млн теңгені құрап отыр.

Осыған орай, Әділет департаменті мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының алдында осы бағытта жұмысты жандандыру үшін нақты міндеттер қойылып, сондай-ақ сот актілерін тиімді орындауға бағытталған негізгі мақсаттар айқындалды.   

 

Атырау облысының прокуратурасы

30 мая 2022
Азаматтарды жеке қабылдау жұмысы

Ел Президенті халыққа жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру талабын қойды.

Прокуратура органдары қызметінің басты мақсаттары азаматтардың мұқтаждары бойынша диалог орнату, ашықтық, жедел әрекет ету болып табылады.

Аталған бағытта бірқатар ұйымдастыру шаралары қабылданды.

Прокуратура басшылығымен жеке қабылдау бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

2020 жылдан бастап облыс прокуратурасының жанынан ашылған Азаматтарды қабылдау орталығы жұмыс жасайды.

Орталықта кезекші прокурор тәулік бойы арызданушыларды қабылдайды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бейне байланысы арқылы жеке қабылдау мүмкіндігі бар. Осылайша күндіз түні кез келген облыс тұрғыны білікті заңгерлік көмегін алуына болады.

Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Асемгүл Абдрахманованың хабарлауынша азаматтар прокуратура органдарына сенімін белсенді түрде көрсетуде.

Ағымдағы жылдың 5 айында облыс прокуратурасы органдарына 670-тен аса азамат жүгініп, басшылықпен 285 азамат, жеке облыс прокурорымен 73-і қабылданды.

«Прокуратураға азаматтардың сенімі біз үшін маңызды және құқықтық сала шеңберінде мәселелерін шешуге бар күшімізді салуға дайынбыз», - деп бөлісті ведомствода.

 

Атырау облысының прокуратурасы

Мемлекет атынан Қазақстан Республикасы аумағында заңдылықты сақтауды жоғарғы қадағалау
26 мая 2022
Кәмелетке толмағандарды тасымалдау, прокурордың бақылауында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды балалар жылы деп жариялай отыра, балалардың құқықтарына аса көңіл бөлуді атап өткені белгілі.

Мақат ауданының прокуратурасы балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау кезінде олардың өмірі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді.

Талдау барысында мектеп автобустарының Заң талаптарына сәйкес еместігі, оның ішінде белдемшелер қарастырылмағаны, арнайы белгілер орнатылмағаны, санитариялық-эпидемиологиялық қортындысы алмағаны және жүру алдында техникалық байқау мен жүргізуші арнайы дәрігерлік тексеруден өтпейтіні анықталды.

Бұл өз кезегінде балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Талдау нәтижелері бойынша аудан прокуратурасымен заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізіліп, нәтижесі бойынша 3 мектептің жауапты 4 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Мақат ауданының прокуратурасы

25 мая 2022
Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылығымен жұмыс кездесуі

Ағымдағы жылдың 24 мамырында облыс прокуратурасында «Атамекен» ҰКП Атырау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы­ның басшылығымен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуде кәсіпкерлік қызмет саласындағы проблемалық мәселелері талқыланды.

Мысалға, уәкілетті органдармен құрылыс жұмыстарын бастау үшін табысталатын сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен техникалық шарттарды бекітуден негізсіз бас тартылған, мемлекеттік мүлікті жалға беру кезінде заңсыз құны өсірілген, қала аумағындағы жолаушы­ларды тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлер халықтың әлеуметтік осал топтарын тегін тасымалдауға міндеттелген, көрсетілген қызмет үшін ақы төленбеген.

Прокурорлық қадағалау шараларымен бұл тәжірибе тоқтатылып, тиісті мемлекеттік мекемелердің басшылары жауапкершілікке тартылды. Кәсіпкерлік субъектілеріне артық алынған қаражатты қайтару жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ, көрсетілген санаттағы тұлғаларды тасымалдауды реттеу мәселесі қарастырылуда.

Облыс прокуроры Халидулла Дәуешов хабарлағандай, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында об­лыстың прокуратура органдары жанында құрылған мобильдік топтар ха­барламаларға дереу шаралар қолдануда.

«Бүгінге мобильді топтардың сенім телефонда­рына 46 хабарлама түсті, 272 заңсыз тексеру тоқтатылып, 2 әкімшілік хаттама заңсыз деп танылы­лды» - деп мәлімдеді қадағалау органының басшысы.

Кездесу қорытындысы бойынша билік органдары мен кәсіпкерлік арасындағы ынтымақтастықты жақсарту бойынша тиісті ұсынымдар берілді.

 

Атырау облысының прокуратурасы

Социальные сети
youtube
telegram
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы