БП
Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Прокуратура туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
20 июля 2022
Прокуратура органдарына алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу өткізу туралы хабарландыру

 

 Прокуратура органдарына алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу өткізу туралы хабарландыру

 

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу жариялайды.

Іріктеу аудан/қала прокуратурасының прокуроры (C-RGP-5 санаты) лауазымдарына жүргізіледі, олардың функционалдық міндеттеріне заңда белгіленген шекте және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асыру, сотта мемлекет мүдделерін білдіру және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кіреді.

Ең төменгі жалақы – 164 052 теңге.

Іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдауды прокуратура органдарының аумақтық бөлімшелері (байланыс телефондары мен мекенжайлары төменде көрсетілген) 2022 жылғы 21 шілдеден 21 тамызға дейін жүргізеді.

Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге қатысу үшін үміткерлер:

1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда (құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған тиісті бағдарлама бойынша) тестілеуден, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өту;

2) құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелеріне (түсу үшін жоспарланған органға) мынадай құжаттарды беру:

- белгіленген үлгідегі өтініш;

- Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- білімі туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімінен өткенін растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін, салыстыру үшін түпнұсқалары);

- жақын туыстарын, оның ішінде белгіленген нысан бойынша бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық толтырылған өмірбаян;

- кез-келген аймақта қызмет етуге келісім беру туралы өтініш;

- әскери билет немесе тіркеу куәлігін тапсыруы қажет.

Құжаттардың толық емес тізбесін, сондай-ақ белгіленген мерзімді бұза отырып ұсыну іріктеуге қатыстырмау үшін негіз болып табылады.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

  1. Қазақстан Республикасының азаматтығы.
  2. 18 жастан бастап, бірақ 35 жастан аспауы қажет.
  3. Жоғары заңгерлік білім.

 

Іріктеуге келесі тұлғалар қатыса алмайды:

1) заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;

2) құқық қорғау қызметіне тұрар алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

3) құқық қорғау қызметіне тұрғанға дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

4) қызметке тұрғанға дейін үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке орналасқанға дейін үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;

5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылған;

7) бұрын сотталған не қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде көзделген қылмыстық жауаптылықтан босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған адам.

Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу келесі кезеңдерді қамтиды:

1) іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтардан құжаттарды қабылдау;

2) прокуратура органының аумақтық бөлімшелерінде әңгімелесуден өту;

3) әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өту;

4) полиграфологиялық зерттеуден өту;

5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі - Академия) емтихан тапсыру.

Академиядағы емтихан кандидаттың емтихан билетінің қойылған үш сұрағына және Комиссия мүшелерінің қосымша сұрақтарына ауызша жауап беру нысанында өткізіледі.

Емтихан келесі пәндер мен нормативтік құқықтық актілер бойынша өткізіледі:

1) конституциялық құқық;

2) қылмыстық құқық;

3) қылмыстық-процессуалдық құқық;

4) әкімшілік құқық;

5) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;

 

6) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;

7) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Іріктеуден сәтті өткен үміткерлер Академияда алғашқы кәсіптік даярлықтан өтеді.

Алғашқы кәсіптік даярлық мерзімі:

1 жыл (Академияда 6 ай оқу + 6 ай тағылымдама).

Алғашқы кәсіптік даярлықтан өту кезеңінде кандидаттар 40 532 теңге мөлшерінде стипендиямен қамтамасыз етіледі.

Алғашқы кәсіптік даярлықты табысты аяқтаған кандидаттар құқық қорғау қызметіне қабылданады, бұл ретте лауазымға тағайындау бір мезгілде сыныптық шен беріле отырып, сынақ мерзімінсіз жүргізілетін болады.

Кандидаттар құқық қорғау қызметіне тұру кезінде құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға дайын болуға тиіс.

Құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулер:

Қызметкер:

1) өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға, партияларда, кәсіптік одақтарда болуға, қандай да бір саяси партияны қолдауға, құқық қорғау органдары жүйесінде өз мүшелерінің еңбек, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау және еңбек жағдайларын жақсарту үшін олардың кәсіби мүдделерінің ортақтығына негізделген саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктер құруға;

2) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін басқа қызметпен айналысуға;

3) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

4) заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға;

5) қызметтік емес мақсаттарда оның қызметтік жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты пайдалануға;

6) ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге қатысуға;

7) лауазымдық өкілеттіктерін орындауға байланысты жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін жеке мақсатта пайдалануға;

8) өзінің қызметтік жағдайын пайдакүнемдік мақсатта, оның ішінде лауазымды және өзге де адамдармен сөз байласу жолымен пайдалануға;

 

9) өзінің жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе ері (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты лауазымды атқаруға құқылы емес.

Қызметкер лауазымға кіріскеннен кейін бір ай ішінде құқық қорғау қызметін өткеру уақытында өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген өзге де мүлікті қоспағанда, өзінің меншігіндегі коммерциялық ұйымдардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) және пайдаланылуы табыс алуға әкеп соғатын өзге де мүлікті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқаруға арналған шарттар нотариалдық куәландырылуы тиіс.

Қызметкердің сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен, оның ішінде сыйақы, дивидендтер, ұтыстар, мүлікті жалға беруден және басқа да заңды көздерден табыс алуға құқығы бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер:

1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;

 

2) жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірге қызмет етуіне (жұмысына) жол бермеу;

3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе алу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік міндеттерін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдау.

Іріктеу тәртібі және алғашқы кәсіптік даярлықтан өту шарттары «Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеудің және оны өткізу шарттарының, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінің қағидаларын бекіту туралы» Бас Прокурордың 2020 жылғы 26 маусымдағы №80, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 шілдедегі №675 және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №199 бірлескен бұйрығымен реттеледі.  

 

Академияның анықтама телефоны: 8(7165)16-81-39

Іріктеуге құжаттар қабылдайтын прокуратура органдарының аумақтық бөлімшелерінің орналасқан мекенжайы және байланыс телефондары:

Прокуратура органдары:

Мекеме атауы

Байланыс телефоны

Пошта мекен-жайы

 

1.

 

Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасы

8 (7172) 71- 21- 12

8 (7172) 71- 24- 07

8 (7172) 71- 24- 16

п/и 010000

Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 31

 

2.

 

Алматы қаласы прокуратурасы

8(7272) 265-05-15

8(7272) 265-04-41

п/и 050000

Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі,189

 

3.

 

Шымкент қаласы прокуратурасы

8 (7252) 53-47-42

п/и 160000

Шымкент қаласы,

Тәуке хан

даңғылы, 97

 

4.

 

Алматы облысы прокуратурасы

8 (7282) 24-17-81 8 (7282) 24-81-16

п/и 040000

Талдықорған қаласы, М.Төлебаев көшесі, 51

 

5.

 

Ақмола облысы прокуратурасы

8 (7162) 25-05-93

п/и 020000

Көкшетау қаласы,

Біржан Сал көшесі, 45

 

6.

 

Ақтөбе облысы прокуратурасы

8 (7132) 90- 14-58

8 (7132) 90- 14-59

п/и 030000

Ақтөбе қаласы,

Ө.Сейітов көшесі,6

 

7.

 

Атырау облысы прокуратурасы

8 (7122) 27-08-01

п/и 060011

Атырау қаласы,

А.Молдағұлова көшесі, 245

 

8.

 

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы

8 (7232) 24-18-24

п/и 070004

Өскемен қаласы,

Пермитин көшесі, 21

 

9.

 

Жамбыл облысы прокуратурасы

8 (7262) 45- 29- 41

п/и 080000,

Тараз қаласы, М.Х.Дулати көшесі, 23

 

10.

 

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы

8 (7112) 50 -33- 47

п/и 090000

Орал қаласы,

Жұбан Молдағалиев көшесі, 23

                                                                             

 

 

11.

 

Қарағанды облысы прокуратурасы

8 (7212) 35-35-95

и/п 100026

Қарағанды қаласы,

Құрылысшылар даңғылы, 28а

 

 

12.

 

Қостанай облысы прокуратурасы

8 (7142) 53-41-38

8 (7142) 54-94-86

п/и 110000

Қостанай қаласы, Алтынсарин көш., 118А

 

 

13.

 

Қызылорда облысы прокуратурасы

8 (7242) 27-43-75

п/и 120001

Қызылорда қаласы, Нұрмақов көшесі, 1

 

 

14.

 

Маңғыстау облысы прокуратурасы

8 (7292) 42-34-10 (вн.121)

п/и 130000

Ақтау қаласы, 15 ықшамаудан, 56/1

 

 

15.

 

Павлодар облысы прокуратурасы

8 (7182) 31- 50- 82

п/и 140000

Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі,3

 

 

16.

 

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы

8(7152) 46-14-87

п/и: 150000

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі 15

 

 

17.

 

Түркістан облысы прокуратурасы

8 (72533) 4-12-46

п/и 161200

Түркістан,

С.Қожанов көшесі, 44 Б

 

 

18.

 

Бас көлік прокуратурасы

8 (7172) 71- 22- 20

п/и: 010000

Нұр-Сұлтан қаласы,

Мәңгілік ел даңғылы, 14

 

               

Өтініш бланкісі

Құқық қорғау органының

аумақтық бөлімшесінің,

ведомствосының немесе

мекемесінің басшысына

_______________________

Өтініш

Маған __________________________

Т. А. Ә. (бар болса, толық)

алғашқы кәсіби даярлыққа іріктеуге қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын.

Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу шарттарымен және тәртібімен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.

Келесі құжаттарды ұсындым:

  1. _________________________
  2. _________________________
  3. _________________________
  4. _________________________
  5. _________________________
  6. _________________________
  7. _________________________

Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын растаймын.

(Қолы)

А.Т.Ә. (болған кезде)

"____" _______________ 20____ж.

 

ӨМІРБАЯН Өмірбаянды кандидат өз қолымен, еркін түрде, шимайсыз және түзетулерсіз, төмендегі мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып жазады: Автобиография пишется кандидатом собственноручно, в произвольной форме, без помарок и исправлений, с обязательным указанием следующих сведений: - тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, ұлты, ана тілі, тағы қандай тілдерді біледі; - фамилия, имя, отчество, дата и место рождения, национальность, родной язык, какими языками еще владеет; - қашан, қайда, қандай оқу орындарында оқыды, білімі бойынша мамандығы; - когда, где, в каких учебных заведениях учился, специальность по образованию; - кәсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның толық атауы мен мекенжайы, бір жұмыстан басқа жұмысқа ауысу себебі көрсетіле отырып, кім болып, қашан және қайда жұмыс істеді, тәртіптік, материалдық немесе қоғамдық ықпал ету шаралары қолданылды ма (қашан, кім қолданды, не үшін, ықпал ету шарасы); - кем, когда и где работал с указанием полного наименования и адреса предприятия, учреждения или организации, причины перехода с одной работы на другую, применялись ли меры дисциплинарного, материального или общественного воздействия (когда, кем, за что, мера воздействия); - әскери міндеттілікке қатысы, міндетті әскери қызметке қашан және қандай әскери комиссариат шақырды (егер шақырылмаса, себебі көрсетілсін), қандай әскери бөлімдерде (нөмірлері көрсетілсін) және кім болып қызмет өткерді, Қарулы Күштерден запасқа қашан және қандай лауазымнан босатылды, әскери атағы; - отношение к воинской обязанности, когда и каким военкоматом призван на действительную военную службу (если не призвался, указать причину), в каких воинских частях (указать номера) и в качестве кого проходил службу, когда и с какой должности уволен в запас Вооруженных Сил, воинское звание; - отбасы жағдайы, қашан некеге тұрды, әйелінің (ерінің) тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, ұлты, жұмыс орны мен лауазымы, тұрғылықты жері; кандидат пен оның әйелінің (ерінің) жақын туысқандары; әкесі, шешесі, аға-інілері, апа-

 

қарындастары    (сіңлілері) мен балалары, сондай-ақ бұрынғы әйелдері (ерлері) және олардың жақын туысқандарына қатысты осындай мәліметтер, ажырасу себептері көрсетіле отырып, некені бұзу туралы куәліктерінің нөмірлері, оларды қандай орган және қашан берді; егер кандидат, оның әйелі (ері) немесе жақын туысқандары тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен болса, онда олардың бұрынғы анықтамалық деректері көрсетіледі, туысқандарынан кім ішкі істер органдарында немесе ішкі әскерлерде қызмет етеді (туысқандық дәрежесі, тегі, аты, әкесінің аты, қайда, лауазымы, арнайы немесе әскери атағы); - семейное положение, когда вступил в брак, фамилия, имя, отчество, дата и место рождения, национальность; место работы и должность, место жительства жены (мужа); такие же сведения на близких родственников кандидата и его жены (мужа); отца, мать, братьев, сестер и детей, а также на бывших жен (мужей) и их близких родственников с указанием причин развода, номера свидетельств о расторжении брака, когда и каким органом оно выдано; если кандидат, его жена (муж) или их близкие родственники изменяли фамилию, имя, отчество, то указывается и их прежние установочные данные; служит ли кто из родственников в органах внутренних дел или во внутренних войсках (степень родства, фамилия, имя, отчество, где, должность, специальное или воинское звание); - кандидат, оның әйелі (ері) немесе жақын туысқандарынан біреу шетел азаматтығында тұрды ма (кім, туысқандық дәрежесі), олардың ішінде кім шетелде болды (қашан, қайда, қандай мақсатпен) немесе тұрақты тұруға шетелге шығу үшін өтініш білдірді (қашан, қандай себеппен), шетелдерде тұратын туысқандары бар ма (тегі, аты, әкесінің аты, туысқандық дәрежесі, немен айналысады, қайда тұрады), олармен байланыс қалай іске асады; - состоял ли кандидат, его жена (муж) или кто-нибудь из их родственников в иностранном гражданстве (кто, степень родства), кто из них был за границей (когда, где, с какой целью) или ходатайствовал о выезде за границу на постоянное место жительства (когда, по какой причине), имеются ли родственники, проживающие за границей (фамилия, имя, отчество, степень родства, род занятий, где проживают), в чем выражается связь с ними; - кандидат, оның әйелі (ері) немесе олардың жақын туысқандарынан біреу қылмыстық не әкімшілік жауаптылыққа тартылған ба (қашан, не үшін, жазалау

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

шарасы); - привлекался ли кандидат, его жена (муж) или кто-либо из их близких родственников к уголовной или административной ответственности (когда, за что, мера наказания); - соңғы жұмыс орны мен лауазымы, тұрғылықты жері, егер бір жерден екінші жерге көшуге тура келсе, бұрынғы тұрғылықты жерлері көрсетіледі. - место последней работы и должность, место жительства, если приходилось переезжать с одного места жительства на другое, то указываются прежние места жительства.

__________________________________

 

         

ӨМІРБАЯН

АВТОБИОГРАФИЯ

_____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты / фамилия, имя, отчество) ______________________________________________________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________

 

18 июля 2022
Атырау облысының полиция департаментінде өткен алқа мәжілісіне облыс прокуроры қатысты

Атырау облысының полиция департаментінде өткен алқа мәжілісіне облыс прокуроры қатысты

 

18 шілдеде облыс прокуроры Халидулла Дәуешов Атырау облысының Полиция департаментінің 1 жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша алқа мәжілісіне қатысты.

Іс-шарада аймақтағы криминогендік жағдай және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды.

«Қылмыстық қудалау органдарының ең маңызды міндеті қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету болып табылады. Әрбір анықтаушы мен тергеуші тергеудің сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуі керек», - деп мәлімдеді қадағалау ведомствоның басшысы.

Сондай-ақ облыс прокуроры профилактикаға жауапты мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде қылмыспен күрес саласындағы шараларды күшейту бойынша тиісті жұмысты жүргізуге міндетті екенін атап өтті.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша прокурор полиция органдарына тиісті тапсырмаларды берді.

 

 

Атырау облысының прокуратурасы

07 июля 2022
Прокуратура қызметкері «OCEANMAN KAZAKHSTAN» финалисті болды

2022ж. 2 және 3 шілдеде Қапшағай су қоймасында Oceanman Kazakhstan жүзу жарысы өтті.

Oceanman - бұл әлемдік спорттық қозғалыс, Ironman аналогының бір түрі. Қатысушылар өздерін ашық су айдындарында жеңеді: бірнеше жүз метрден ондаған шақырымға дейін әр түрлі қашықтықта жүзеді.

Бұл спорттық оқиға Қазақстан аумағында алғаш рет өткізілді.

Жарысқа Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Италия, Швейцария және Түркиядан 1 200 адам қатысты.

Жарыс 4 қашықтықта өтті: 800 метр – 200 қатысушы, 1,5 км – 325 жүзуші, 5 км – 450 және 10 км – 225 адам.

Атырау облысының прокуратурасы жеке құрам арасында бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөледі.

5 км қашықтыққа жүзуге облыс прокурорының орынбасары Гилим Абзал Гилимұлы қатысты, ол осы қашықтықты 2 сағат 22 минут ішінде, норматив бойынша 2 сағат 30 минут ішінде еңсеріп, осылайша Oceanman Kazakhstan жеңімпаздарының бірі атанды.

01 июля 2022
Атырау облысының Үйлестіру кеңесінің отырысында ұрлықтың алдын алу мәселелері қаралды

Облыс прокуроры Халидулла ДӘУЕШОВТЫҢ төрағалығымен бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес отырысында Құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың осы санаттағы қылмыстардың алдын алу бойынша өзара іс-қимылының тиімділігі, оларды шешу жолдары талқыланды.

«Үйлестіру кеңесі отырысының мақсаты сауда объектілерінде, үйлердің дәліздерінде және қоғамдық көліктерде жасалатын ұрлықтардың санын азайтуға мүмкіндік беретін пәрменді тетіктерді әзірлеу болып табылады» - деп атап өтті қадағалау органының басшысы.

Сондай-ақ, облыс прокуроры алдын алуға жауапты мемлекеттік органдар өз құзыреті шеңберінде тиісті жұмыс жүргізіп, өңірдегі ұрлықтарға қарсы іс-қимыл бойынша шараларды күшейтуі тиіс екенін атап өтті.

Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленіп, тиісті органдарға тапсырмалар берілді.

30 июня 2022
Мас күйінде көлік жүргізуші - қылмыскер!

2022 жылдың өткен кезеңінде Атырау облысы бойынша Қылмыстық Кодекстің 346-бабымен 20 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

2020 жылдан бастап елімізде көлік құралын масаң күйде басқару қылмыстық құқық бұзушылығын жасағаны үшін жазаны қатаңдату бөлігінде түзетулер енгізілді.

Мұндай адамдардың қылмыстық жауаптылығы қылмыстық теріс қылықтардан қылмыстар санатына ауыстырылды. Енді мас күйінде көлік құралын басқарған жүргізуші өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Егер олар ЖКО жасайтын болса, онда одан да ұзақ мерзім – сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Егер олардың кінәсінен жол апатынан адамдар қайтыс болса, Қылмыстық Кодекспен он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

«Бүгінгі таңда біздің өңірде мас күйінде көлік жүргізгені үшін 20 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 3 тұлға бас бостандығын шектеу, 17 тұлға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп атап өтті облыстық прокуратура басқармасының бастығы Бекбала Ақылбеков.

Мәселенің маңыздылығын атап өткен қадағалау ведомствосының өкілі мас күйінде көлік құралын басқармауға кеңес берді.

27 июня 2022
Облыс прокуратурасында Академия бітірген жас мамандар қабылданды

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 23 маусымдағы бұйрығы негізінде Атырау облысының прокуратура органдарының кадрларына жас мамандарды қабылдау шарасы өтті.

Жас мамандар жаңа талаптарға сәйкес Құқық қорғау органдары академиясында 1 жылдық алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтаған.

Облыс прокуроры Х. Дәуешов өзінің көп жылдық тәжірибесіне сүйене және өз ойларымен бөлісе отырып, жас қызметкерлерді прокуратура органдарында қызмет етуге ынталандырды және өзін-өзі дамытумен айналысуға, белсенді өмір салтанатын жүргізуге кеңес берді.

Келген жас мамандардың 4-і Атырау қаласы прокуратурасында және 3-і Жылыой, Индер, Мақат аудандары прокуратураларында өз қызметтеріне кірісті.

Облыс прокуроры жас мамандарға жұмыстарына сәттілік тілеп, тиісті бағыт-бағдар берді.

27 июня 2022
Атырау облысының прокуроры журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Атырау облысының прокуратурасында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай журналистерге құрмет көрсетілді.

Облыс прокуроры оларға өзара іс-қимылы мен өңір үшін маңызды оқиғалардың объективті жарияланғаны үшін ризашылығын білдіріп, шығармашылық шабыт және жаңа идеялар мен жобалардың табысты іске асырылуын тіледі.

Прокуратура органдарының атынан сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.

24 июня 2022
Аурухана басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қызылқоға аудандық ауруханасының директорына мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін 49 945 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Қызылқоға ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесімен аурухана директоры мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша қабылдаған міндеттемелерін тиісінше орындамаған өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы арызбен сотқа жүгінбегені анықталған.

Осыған орай, аудан прокуратурасы Атырау облысы бойынша мемлекеттік ішкі аудит департаментіне заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізіп, аурухана директоры ӘҚБтК-тің 207 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды

 

Қызылқоға ауданының прокуратурасы

17 июня 2022
Атырау облысының прокуроры кәсіпкерлерді жеке қабылдау өткізді

Ел Президенті халыққа жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру талабын қойды.

Облыс прокуроры Х.З. Дәуешов кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында Кәсіпкерлер палатасында жеке қабылдау өткізді.

Жалпы қабылдауға 5 кәсіпкер келді. Өтініштер қоғамдық көліктің барлық түрлеріне жеңілдіктер, автобустардың бағытын түзету, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мәселелері, мемлекеттік кірістер органдарының заңсыз хабарлама шығаруы және экологиялық зертхананы аккредиттеу мәселелеріне қатысты болды.

Барлық кәсіпкерлерді олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және олардың заңды талаптарын шешуге жәрдемдесу мәселелері қызықтырды.

Барлық мәселелер бойынша тиісті түсіндірулер беріліп, жекелеген өтініштер облыс прокурорының бақылауына алынды.

Сонымен қатар, бекітілген кестеге сәйкес ай сайын облыс прокуроры Кәсіпкерлер палатасында жеке қабылдау жүргізеді.

 

Атырау облысының прокуратурасы

14 июня 2022
Прокуратура органдары халыққа қауіпсіздік шаралары жөнінде ескертеді

Соңғы уақытта Атырау қаласында иттердің дене жарақатын келтіре отырып азаматтарға, оның ішінде кәмелетке толмағандарға шабуыл жасау жағдайлары жиіледі.

Атап айтсақ, ағымдағы жылдың 6 айында адамдарды ит қабумен ұштасқан 112 фактісі тіркелсе, оның ішінде 70-і кәмелетке толмағандарға қатысты.

Қала прокуратурасы уәкілетті органдардың тарапынан бұралқы иттерді аулау бағытындағы жұмыстарының тиімсіздігіне және «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының тиісті орындалмауына байланысты ұсыну енгізді.

Нәтижесімен, прокуратура, полиция және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінен тұратын арнайы мобильдік топ құрылып, кешенді шаралар жоспары бекітілді.

Қабылданған шараларға қарамастан, адамдарды ит қауып алу фактілері әлі де орын алуда.

Осыған байланысты, прокуратура ата-аналарға өз балаларын қоғамдық орындарда ерекше бақылау жасау қажеттілігін ескертеді.

Бұрынғы жылдары қала прокуратурасы ветеринариялық органдармен ит атылғаны жөнінде жалған құжаттар ұсыну арқылы кәсіпкерге артық бюджет қаражатын аудару фактілерін анықтап тиісті қадағалау актісін енгізді.

Келтірілген залал толықтай өтеліп, жауапты тұлғалар қатаң тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Бүгінгі күні, жануарларды қорғау саласындағы заңнаманың сақталуы, оның ішінде бұралқы иттерді аулау мәселесі қала  прокурорының жеке бақылауына алынды. 

 

Атырау қаласының прокуратурасы

Социальные сети
youtube
telegram
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы