БП
Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Прокуратура туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
15 октября 2022
Еңбек құқықтарының сақталуы ерекше бақылауда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз жолдауында азаматтардың еңбек құқықтарын сапалы қамтамасыз етуді тапсырды.

Бас Прокурордың тапсырмасы негізінде облыстағы бірқатар кәсіпорындар қызметінде еңбек заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді.

Бүгінгі күні прокурорлық қадағалау шараларымен жұмысшылардың еңбек құқықтарын бұзғаны үшін 20-ға жуық кәсіпорын әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1000-нан астам жұмысшының құқықтары қорғалды және олардың 586 млн теңге жалақысы өндірілуі қамтамасыз етілді.

12 қазан 2022 жылы Атырау облысының прокуроры Бауыржан ЖҰМАҚАНОВТЫҢ төрағалығымен кеңейтілген Алқа отырысы өткізіліп, облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВ, Полиция департаментінің бастығы Нұрхат ОРАЗБАЕВ және өңірдегі ірі мұнай компанияларының бірінші басшылары – «ТШО», «НКOК», «ЕмбіМұнайГаз», «КТК», «АМӨЗ», «Атырау-Жарық» және т.б. шақыртылды.

Іс-шарада жұмысшылардың еңбек құқықтарының сақталуы, өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өндірісте пайда болатын мәселелер талқыланды.

«Әр адамның құқықтары біз үшін өте маңызды және қымбат. Бір адамның өлімі – бүкіл адамзаттың өлімімен тең, сәйкесінше бір адамды құтқару – бүкіл әлемді құтқарғанмен тең», – деп мәлімдеді қадағалау ведомствосының басшысы.

Компания басшыларының назары осы өмірлік ережелерді сақтауға, әсіресе өндірістегі жарақаттар мен жазатайым оқиғаларға жол бермеуге бағытталды.

«Адам мен азаматтардың еңбек құқықтарын бұзудың әрбір фактісі кінәлі тұлғаларды жазаның бұлтартпастығы қағидатына сәйкес заңда белгіленген жауаптылыққа тарта отырып, міндетті түрде жолы кесілетін болады», - деп атап өтті облыс прокуроры.

Өз кезегінде, «ТШО» ЖШС-нің және «НСОС» компаниясының басшылары прокуратура органына заңдылықты және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткені үшін алғысын білдірді және өздері басқаратын ұйымдарда жұмысшылардың еңбек құқықтары қатаң түрде сақталатынына сендірді.

Облыс әкімі әрбір қызметкердің еңбегін қорғау маңызды екендігін атай отырып, жұмысшыларға қолайлы жағдай қалыптастырудың міндеттілігін және оған бірлескен күш-жігермен қол жеткізу қажеттілігін айтты.

Мәжілісте еңбек инспекциясы мен Полиция департаментіне, сондай-ақ кәсіпорын басшыларына азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылуына және еңбек дауларына жол бермеуге тиісті ұсынымдар берілді.

Мемлекет атынан Қазақстан Республикасы аумағында заңдылықты сақтауды жоғарғы қадағалау
04 октября 2022
Салық төлеуден жалтарғаны үшін сотталды

Мемлекет басшысы бизнес өкілдерімен кездесу өткізу барысында ірі компаниялар салық төлеуден жалтаратыны және мемлекет активтерін шетелге заңсыз шығарғаны туралы атап өтті.

Аталған бағытта облыс прокуратурасы мемлекеттік кірістер органымен, сондай-ақ кәсіпкерлермен салық заңнамасының сақталуына тұрақты негізде талдау жүргізеді.

Жүргізілген талдау нәтижесінде, «БатысТехноСервисез» ЖШС-нің бұрынғы директоры, коммерциялық ұйымның жалғыз басшысы бола тұра, 2018-2019 жылдар аралығында жалған шот-фактураларды пайдаланып, 263,7 млн теңге сомасына салық төлеуден жалтарғаны анықталды.

Аталған залал, облыс прокуратурасының Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданған талап негізінде  расталды.

Осыған байланысты, Серіктестік директорына қатысты Қылмыстық Кодекстің 245-бабының 3-бөлігі (аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтару фактісі) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, соттың үкімімен коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл және 4 ай шартты түрде бас бостандығынан айыруға сотталды.

Мемлекеттік қазынаны толықтыруды қамтамасыз ету қадағалаудың басым бағыттарының бірі болып табылады.

30 сентября 2022
Жолдардағы қауіпсіздік бәрінен бұрын

Осы жылы Атырау облысының аумағында 116 жол-көлік оқиғасы орын алды, оның ішінде 10 жағдайда кінәлілер масаң күйінде болған.

53 адам қаза тапқан, оның ішінде екі жасөспірім бала.

Автомобиль апаттарының негізгі себебі жол қозғалысы ережелерін сақтамау болып табылады.

Жалпы облыс бойынша жол-көлік құқық бұзушылығын жасағаны үшін соңғы 2 жылда 60 жүргізуші сотталып, оның ішінде 35 адам 1-ден 7 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айырылған.

Біз жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету – уәкілетті тұлғалар мен ведомстволардың ғана жауапкершілігі емес екенін ұмытпауымыз керек, бұл жол қозғалысына қатысушылардың басты міндеті.

Облыс прокуратурасы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға және адамдардың жарақаттануы мен өліміне жол бермеуге шақырып, сондай-ақ жолдардағы өзара сыпайылық туралы еске салады. Секундтарды үнемдеуге тырысып, жүргізушілер өздеріне ғана емес, басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіреді.

Жолдардағы барлық өлім жағдайлары жүргізушінің жауапсыздығынан болатынын түсіну маңызды.

Автокөлік әуесқойлары көлік құралын қауіпсіз пайдалануды ерекше қамтамасыз етуі, айналасындағыларға жанашырлық танытуы, жол-көлік оқиғасында қаза тапқан әрбір адамның артында олардың отбасылары – ата - аналары, жұбайлары, балалары, жақындары қалатынын ұмытпауы тиіс.

26 сентября 2022
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ж.Ж. Өмірәлиевтің «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабы тәртібінде үндеуі

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

 

Отандық ақпараттық кеңістікте және әртүрлі әлеуметтік медиада түрлі тақырыптар бойынша көрінеу жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті.

Бұл ретте олар жекелеген блогерлердің арандатушылық мәлімдемелерімен және әлеуметтік желілер пайдаланушыларының ұлттық алауыздықты тудыратын белгілері бар комментарийлерімен бірге жүреді.

Нақты азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, сондай-ақ бірқатар танымал адамдарды ұстау және қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы жалған хабарламалар жариялануда.

Мұндай фейктік мәліметтер қоғамдық жалған пікірді қалыптастырып ғана қоймай, сонымен бірге қоғамдық тәртіпке де теріс әсер етуі әбден мүмкін.

Осындай шынайлыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратуды көбіне блогерлер қасақана, өздерінің және үшінші тұлғалардың мүдделері үшін жүзеге асырады.

Олардың мақсаты – жеке пайда табу және бопсалау арқылы материалдық табыс көру.

Көрсетілген ұлттық алауыздықты қоздыруға, қорқытып алуға, көрінеу жалған ақпарат таратуға бағытталған іс-әрекеттер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174, 194 және 274-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ел азаматтарын, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, әлеуметтік желілердің пайдаланушыларын заңнаманы бұлжытпай сақтауға және жоғарыда келтірілген кез келген құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бермеуге, арандатушылыққа бой бермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады.

https://youtu.be/2su2mGW8sXU 

 

06 сентября 2022
Конкурстық комиссия шешемі

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің бос лауазымдарына орналасуға конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі

 

  1. Атырау облысы прокуратурасы Қаржы және ақпараттандыру бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік, 23.01.2023 жылға дейін бала күтімі демалысындағы негізгі қызметкердің орнына)

    Оксана Төлемісқызы Төлемісова

01 сентября 2022
Атырау облысы прокуратурасының «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға арналған жалпы конкурсқа әңгімелесуге рұқсат берілген кандидаттардың тізімі

Атырау облысы прокуратурасының «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға арналған жалпы конкурсқа әңгімелесуге рұқсат берілген кандидаттардың тізімі

Атырау облысыпрокуратурасы, Атырау қ., Ә.Молдағұлова, 245 ғимаратында әңгімелесу 05.09.2022 жылы сағат 15:00 де өтеді.

 

Атырау облысы прокуратурасы Қаржы және ақпараттандыру бөлімінің бас маманы (С-О-5  санаты, 1 бірлік), (негізгі қызметкер 23.01.2023 жылға дейін бала күтімі демалысында)

1

Ахметова Тәж Байманбетқызы

2

Балахметов Сабит Алифоллаұлы

3

Башанова Раушан Нұрышақызы

4

Сайлауова Айжан Еламанқызы

5

Төлемісова Оксана Төлемісқызы

24 августа 2022
КЕСТЕ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының алғашқы кәсіптік даярлығына іріктеуге қатысушы кандидаттармен әңгімелесу өткізу

КЕСТЕ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының алғашқы кәсіптік даярлығына іріктеуге қатысушы кандидаттармен әңгімелесу өткізу

 

АТӘ

Күні, уақыты

Өтетін орны

1

Әділжанов

Аманжан

Әділжанұлы

1 қыркүйек 2022 жыл

сағат 16:30

 

Атырау қаласы, Ә.Молдағұлова 245,

Атырау облысы прокуратурасының ғимараты

2-қабат

2

Бапаев

Жандос

Еркінұлы

3

Ганиева

Айым

Ганиевна

4

Жаңбырбаев

Нұрмұхамед

Талапұлы

5

Жолдасова

Жанель

Нұрлыбекқызы

6

Жұмағазиев

Бақтыкерей

Кәкімұлы

7

Пазылбек

Арман

Мырзабекұлы

8

Рашит

Ілияс

Болатұлы

9

Русланов

Қуандық

Русланұлы

10

Сейілханов

Мейрамбек

Темірбекұлы

11

Сисенов Әділ

Даниялұлы

12

Тулегенов

Айбек Лукманұлы

13

Шәмшебай

Динара

Досқалиқызы

 

        

 

16 августа 2022
Атырау қаласының прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғады

Атырау қаласының спорт үйірмелері «өлі жандар» сабағына мемлекеттік ақша алды.

Прокурорлық ден қою шараларымен түрлі спорт үйірмелеріндегі білім алушылар тізіміне «өлі жандарды» енгізу арқылы кәсіпкерлер заңсыз иемденген 405 423 теңге мөлшеріндегі сома бюджетке қайтарылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялап, Үкіметке аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды қолдау жөніндегі Жол картасын әзірлеуді және балалардың үйірмелерге, орталықтар мен жазғы лагерьлерге бару мүмкіндігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Талдау нәтижесімен Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының спорттық іс-шараларға бөлінген бюджет қаражатын кәсіпкерлердің заңсыз иемдену фактілері анықталды.

Сондай-ақ, заңнамамен алынып тасталған «өзге де шығындарды» негізсіз қосу есебінен балалар музыкалық  мектептерінде оқыту бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасын заңсыз көтеру жағдайлары анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесімен қалалық саз мектептерінде бағаны 10%-дан астам көтеру заңсыз тәжірибесінің жолы кесілді және осылайша қолжетімді білім алу қамтамасыз етілген 2 730 баланың құқықтары қорғалды.

 

Атырау қаласының прокуратурасы

28 июля 2022
Облыс прокуроры Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің алқа мәжілісіне қатысты

27 шілдеде облыс прокуроры Бауыржан Жұмақанов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің алқа мәжілісіне қатысты.

Іс-шарада Департаменттің ағымдағы жылғы 1 жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы қаралды және алдағы кезеңге мақсаттар талқыланды.

«Қылмыстық қудалау органдарының басты міндеті қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ете отырып, сапалы тергеу болып табылады», – деп мәлімдеді қадағалау ведомствоның басшысы.

Сондай-ақ облыс прокуроры барлық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында профилактикалық жұмыстарды жүргізуге міндетті екенін атап өтті.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша прокурор Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің департаментіне тиісті тапсырмаларды берді.

 

Атырау облысының прокуратурасы

20 июля 2022
Атырау облысы прокуратурасының алқа отырысы туралы

19 шілдеде облыс прокуроры Халидулла Дәуешовтің төрағалығымен қала және аудандардың прокурорларының қатысуымен 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары бойынша алқа отырысы өтті.    

Іс-шарада облыс аппараты мен аумақтық прокуратураларының жұмысы нәтижелері талқыланды.

«Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттің мүдделерін қорғау саласында, сондай-ақ қылмыстылықтың алдын алу бойынша елеулі жұмыс атқарылды. Цифрлық технологиялар белсенді қолданылуда», - деп атап өтті қадағалау ведомствоның басшысы.

Атап айтқанда, көрсетілген кезеңде қылмыстылықтың деңгейі 1,8%-ға төмендеген. Төмендеу орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша – 15,9%-ға, аса ауыр қылмыстар бойынша – 13,5%-ға байқалды.

Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында 120 мыңнан астам азамат пен 1,8 мың кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Прокуратураның ықпал етуі мен үйлестіруімен 336 жұмысшының алдында 198,8 млн теңгеге жалақы бойынша берешек өтелді.

Отырысты қорытындылай келе, облыс прокуроры алдағы кезеңге қадағалаудың басымдылары ретінде азаматтардың конституциялық құқықта-ры мен мемлекеттің мүдделерін қорғауды, сыбайлас жемқорлыққа, қылмыстылыққа, балаларға қарсы жыныстық қылмыстарға, және де капиталды заңсыз шығаруға, «көлеңкелі экономикаға», алаяқтыққа, қаржылық пирамидаларға қарсы тұру бойынша үйлестіру рөлін арттыруды белгіледі.

Сонымен қатар ол есірткі саудасының алдын алу, қоршаған ортаны қорғау және кәсіпкерлікті қолдау мәселелеріне де аса назар бөлуді тапсырды.

Алқа отырысының қорытындылары бойынша қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін бірқатар басқа тапсырыстар берілді.

 

Атырау облысының прокуратурасы

Социальные сети
youtube
telegram
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы