Қадағалау қызметі барысында қалалық прокуратура коммерциялық компаниялардың бірін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен заңсыз алып тастауды анықтады.
Қала прокуратурасы ақпаратты заңсыз жою фактісіне қатысты ҚК-нің 206-бабы бойынша қылмыстық іс тіркеп, дереу шара қабылдады.
ҰҚК-нің Астана қаласы бойынша Департаменті жүргізген тергеу барысында автоматтандырылған ақпараттық жүйеге қызметтік қолжетімділікті пайдалана отырып, серіктестікті аталған тізілімнен заңсыз алып тастаған "Электрондық қаржы орталығы" АҚ-ның (бұдан әрі-ЭҚО) бас маманы анықталды.
Қылмыстық схеманы ұйымдастырушы коммерциялық компанияның директоры екені белгілі болды, ол делдал арқылы «ЭҚО» АҚ-ның бас маманына көрсетілген қызмет үшін 10 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы берген.
Тергеу аяқталып, қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды.
#Заң_мен_Тәртіп
Астана қаласының прокуратурасы