«Заң мен тәртіп» қағидасын жүзеге асыру аясында Астана қаласы «Сарайшық» ауданының прокуратурасы Жеңіс күніне арналған «ҚҰРМЕТ ЖӘНЕ ТӘРТІП» атты әлеуметтік роликті іске қосты.
Бейнежазба өскелең ұрпақтың бойында жауапкершілік сезімін, тарихи жадыға құрмет және тұрақты болашақтың негізі ретінде заңды сақтауды қалыптастыруға бағытталған.
Бұл жастарды: тәртіпті сақтауға, ардагерлердің ерлігін құрметтеуге және олар үшін күрескен құндылықтарды сатпауға шақырған үндеу.
#Заң_мен_Тәртіп
Астана қаласының прокуратурасы