Астана қаласы Сарыарқа ауданында азаматтарды мобильді қабылдау өткізілді

Астана қаласы Сарыарқа ауданында азаматтарды мобильді қабылдау өткізілді

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын және «Заң және Тәртіп» нарративін іске асыру шеңберінде, 2025 жылғы 12 сәуірде Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы прокуратурасымен арнайы жылжымалы пунктті пайдалана отырып, азаматтарды мобильді қабылдау өткізілді.

Іс-шара прокуратурамен уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен ұйымдастырылып, шалғай елді мекендердің тұрғындарына және стационарлық қабылдау орындарына келе алмайтын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекеттік органдармен тікелей кері байланыс орнатуға мүмкіндік берді.

Қабылдау барысында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, жазбаша өтініштер қабылданып, олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралатын болады.

Мобильді қабылдаудың бұл форматы халық пен мемлекеттік органдар арасында тиімді өзара іс-қимылды жолға қоюға, сондай-ақ азаматтарды толғандыратын мәселелерге жедел әрекет етуге ықпал етті.

Заңдылықты нығайту мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында прокурорлар алдағы уақытта мобильді қабылдауларды тұрақты түрде өткізуді жалғастырады.

 

 #Заң_мен_Тәртіп

 

Астана қаласының прокуратурасы