Елорда прокуратурасы жұмыскерлердің еңбекақы төлеу құқықтарын қалпына келтірді

Елорда прокуратурасы жұмыскерлердің еңбекақы төлеу құқықтарын қалпына келтірді

Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасы қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді.

Талдау барысында балабақшаның 47 қызметкерлеріне 1,9 млн теңге сомасында жалақы төлеуді кешіктіру фактісі анықталды.

Қадағалау актісі негізінде бүгінгі күні аталған тұлғалар алдындағы берешек толық көлемде өтелді, мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қорғалды.

Кінәлі адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы және жалақыны уақтылы төлеу прокуратура органдарының ерекше бақылауында.

 

 

#Заң_мен_Тәртіп

        Астана қаласының прокуратурасы