Елордалық прокуратураның әзірлеуі ел азаматтарына көмектесуде

Елордалық прокуратураның әзірлеуі ел азаматтарына көмектесуде

    Астана қаласы прокуратурасының әзірлеген «WhatsApp» - боты ел азаматтарына алаяқтықпен күресуде және оның алдын-алуда қызмет көрсетуді жалғастыруда.

   6 ай бұрын елорда прокуратурасы ықтимал алаяқтарды анықтау мақсатында телефон нөмірлерін тексеру үшін «WhatsApp»-бот әзірледі.

  «WhatsApp»-бот іске қосылғаннан бері 30 мыңнан астам адамдар жүгінді, көптеген оң пікірлер бар.

   «WhatsApp»-бот қалыпты жұмыс істейді, күніне 100-ден астам пайдаланушының сұраулары өңделеді.

   Пайдаланушы қажетті телефон нөмірін «WhatsApp»-ботқа (8-747-680-02-10) енгізеді, осы деректерді талдағаннан кейін бот ұсынылған нөмір бойынша тұлғаның алаяқтық белгілерін анықтайды.

   Жоба әртүрлі қызметтерді алу және тауарларды сатып алу/сату кезінде алаяқтық әрекеттерден қаржылық шығындар мен басқа да жағымсыз салдарлардың тәуекелдерін азайтудың жақсы құралы екенін көрсетті.

   Осыған байланысты, егер Сізге күдікті қоңыраулар мен хабарламалар келетін болса, «WhatsApp»-ботты пайдаланып, өзіңізді алаяқтық әрекеттерден қорғай алатыныңызды еске саламыз.

#Заң_мен_Тәртіп

Астана қаласының прокуратурасы