Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауаптылық күшейтілгендігі туралы

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауаптылық күшейтілгендігі туралы

   2024 жылғы 15 маусымнан бастап отбасы-тұрмыстық қатынастар бойынша құқықбұзушылық жасағаны үшін жауаптылық күшейтілді.

   Енді қинау үшін (ҚК 110-бабы) бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, ал денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (ҚК 108-1 бабы) және ұрып-соғу (ҚК 109-1 бабы) әрекеттері қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

   Өткен жылы осы санаттағы істер бойынша 85 отбасылық бұзақы сотталды.

   Мысалы, 7 жыл бойы әйеліне тән зардабы мен психикалық зардап шегуге ұшыратып, қинағаны үшін ер адам 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

   Басқа жағдайда, құқықбұзушы қорғау нұсқамасын және тыйым салуды елемей, таныс қызын 5 жылдан астам уақыт бойы қудалаған. Прокурормен оның жүйелі түрде жәбірленушінің үйіне келіп, жанжал шығарып, отбасын қорқытып, ұрып-соққаны жөнінде дәлелдер келтірілді.

   Аталған әрекеттері үшін құқықбұзушы 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

   Астана қаласының прокуратурасы қол жұмсау мен тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді.

#Заң_мен_Тәртіп

#Заңбәрінеортақ

#Зорлыққажолжоқ

 Астана қаласының прокуратурасы