Мүмкіндігі шектеулі тұлғаның берешегі есептен шығарылды

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаның берешегі есептен шығарылды

 

    2014 жылы алаяқтар ерекше қажеттіліктері бар тұлғаның атына автокөлік рәсімдеген.

   Жәбірленуші бала кезінен мүгедек болып табылатыны және психоневрологиялық диспансерде есепте тұратыны анықталды.

   Қаскүнемдер психикалық ауруды пайдаланып, жәбірленушіні Қостанай облысынан Астана қаласына жеткізіп, алаяқтық жолмен оған 5 млн теңге көлемінде автонесие рәсімдеген.

   Есіл ауданы прокуратурасы қылмыстық іс бойынша жәбірленушіні әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сотқа талап арыз жолдады.

   Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

   Нәтижесінде прокуратураның көмегімен он жылдық несиелік қарыз толығымен есептен шығарылды.

   Қазіргі уақытта қылмыс жасаған адамдарды анықтау бойынша жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

   Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мәселесі елорда прокуратурасының тұрақты бақылауында.

#Әділдік

#Теңқұқылы

#Заң_мен_Тәртіп

Астана қаласының прокуратурасы