Тергеу изоляторында адамдарды қабылдау

Тергеу изоляторында адамдарды қабылдау

 

 

    Астана қалалық прокуратурасының қызметкерлері ҚАЖК-і Департаментінің №64 мекемесіне келді.

    Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, ұлттық профилактикалық механизмнің және қоғамдық бақылау комиссиясының өкілдерімен бірге мекеменің режимдік корпусының камералары мен медициналық бөлігін аралап тексеру жүргізілді.

   Сондай-ақ, осы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандар мен қамауға алынғандардың жеке қабылдауы өткізілді.

   Қамаудағы 22 тұлға ұстау шарттары, тамақтану, медициналық қызмет көрсету, қылмыстық істердің тергелуі және т.б. мәселелер бойынша қалалық прокурордың орынбасарына жеке қабылдау үшін жүгінді.

    Қабылдау қорытындысы бойынша заңнама нормаларының түсіндірулері және уәкілетті органдарға нақты нұсқаулар берілді.

    Мысалы, арызданушыға жазаны ауыстыру туралы сот қаулысына жеке шағым беру мен жазылу тәртібі түсіндіріліп, сотталған тұлғаға мемлекеттік тілде үкімді алуға жәрдем көрсетіліп, оған табыс етілді.

    Аллергия белгілері мен денсаулығының нашарлығы туралы шағым түскен екі тұлғаны емхананың кезекші терапевті дереу тексеріп, олар мамандандырылған дәрігерге жеке қабылдауға жазылды.

#Заң_мен_Тәртіп

#Әділдік

#Жауапкершілік

#Теңқұқылы

                            Астана қаласының прокуратурасы