Криптовалюта қылмыс жасаудың объектісі және құралы ретінде

Криптовалюта қылмыс жасаудың объектісі және құралы ретінде

   Заңнамаға сәйкес криптовалюталарды айналымға «Астана» халықаралық қаржы орталығы (әрі қарай - ХҚОA) аясында ғана жіберуге рұқсат етіледі.

   Ал ХҚОА-ның қаржылық платформасынан тыс қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің операцияларын (айырбастау) жүзеге асырғаны үшін заңмен жауапкершілік қарастырылған.

   Қолданыстағы шектеулерге қарамастан, кейбір азаматтар ХҚОА-ның сайтына тіркелместен, ірі сомаларға айырбастау операцияларын жүргізеді.

   Сот үкімімен екі тұлға ҚК-нің 214-бабымен кінәлі деп танылып, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін сотталды.

   Жалпы заңсыз айырбас айналымы 7 млрд теңгені құрады.

   Елорда прокуратурасы мемлекет мүддесі үшін келтірген талап сот шешімімен қанағаттандырылды.

   Мемлекет пайдасына сотталғандардан 7 млрд теңге көлеміндегі заңсыз табыс сомасы өндірілді.

    Жалпы, прокуратура азаматтық сот ісін жүргізуде 7,9 млрд теңге сомасында 4 талап беріп, олар соттың шешімдерімен қанағаттандырылып, жауапкерлерден келтірілген залал сомалары толық көлемде өндірілді.

 Астана қаласының прокуратурасы