Прокуратура үлескерлердің құқықтарын қорғауда

Прокуратура үлескерлердің құқықтарын қорғауда

    Елордада 6 мыңнан астам адам салымшылары бар тұрғын үйлер кешендерін заңсыз салу анықталды.

    Бүгінгі таңда жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты 16 қылмыстық іс тергелуде, 12 адам қамауда.

    Құны 7 млрд теңгеден асатын аяқталмаған құрылыс объектілерін өндіріп алу туралы прокурордың 8 талабы сотпен қанағаттандырылды.

    Салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде пәтерлерді заңсыз сатуды жүзеге асырған 51 құрылыс салушы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 320-бабы бойынша жауаптылыққа тартылды.

    Бұдан басқа, рұқсат құжатсыз үлескерлердің қаражатын заңсыз тарту жүзеге асырылған «Qurmangazy» тұрғын үй кешенін бұзуға қол жеткізілді.

    Өз кезегінде, құқық белгілейтін құжаттардың, сондай-ақ дайын және салынып жатқан тұрғын үй кешендері бойынша үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаттың бар екенін https://homeportal.kz/shared-construction-objects сілтеме бойынша өту арқылы тексеруге болады.

Астана қаласының прокуратурасы