Тұрғын үйге кезекке қою бойынша 200 жетім баланың құқықтары қорғалды

Тұрғын үйге кезекке қою бойынша 200 жетім баланың құқықтары қорғалды

     Елорда прокуратурасы жетім балалардың тұрғын үй құқықтарының бұзылғанын анықтады.
     Уәкілетті орган «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71-бабын бұза отырып, он төрт жасқа толмаған тұлғаларда тіркеудің болмауына, сондай-ақ отбасы мүшелері болып табылмайтын қамқоршыларға тіркелген мүліктің болуына байланысты жетім балаларды кезекке қоюдан негізсіз бас тартқан.
     Прокурорлық қадағалау шараларымен 200-ден астам жетім бала тұрғын үй алуға кезекке қойылды.