1000 – ға жуық адам тіркелген «резеңке» пәтердің иесі сотталды

1000 – ға жуық адам тіркелген «резеңке» пәтердің иесі сотталды

   

     Елорда прокуратурасы көші – қон заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру шеңберінде жалпы ауданы 35,7 ш.м. бір бөлмелі пәтерде 937 адам тіркелгенін анықтады.

     Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

     Мемлекеттік айыптаушы – прокурор  тұрғын үй-жайды беру арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастырған сотталғанның кінәсін дәлелдеді.

    Сот үкімімен «резеңке» пәтердің иесі ҚК-нің 394 – бабының 1 – бөлігі бойынша сотталды.

    Үкім заңды күшіне енді.

                                Астана  қаласының прокуратурасы