Елорда прокуратурасы алимент төлеушілердің жасырын табыстарын анықтады

Елорда прокуратурасы алимент төлеушілердің жасырын табыстарын анықтады

      Елорда прокуратурасы электрондық әмияндарында айналымы 300 млн. теңгеден асатын алимент төлеуден жалтарған 170 борышкерлерді анықтады.

      Осылайша, бір ғана борышкер алимент бойынша 3,5 млн. теңге қарызы бола тұра, өз әмиянын 6 млн. теңгеге толтырған.

      Алимент өндірудің осы және басқа да түйткілді мәселелері қала прокуратурасының алаңында уәкілетті органдар мен жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасының қатысуымен өткен алқа мәжілісінде талқыланды.

      Қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган жасырын кірістерді балалардың пайдасына өндіру бойынша шаралар қабылдап жатыр.

      Бүгінгі таңда борышкерлер 20 млн. теңге қарызын өтеп үлгерді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Астана қаласының прокуратурасы