Прокуратура инвесторға жер учаскесін алуға көмектесті

Прокуратура инвесторға жер учаскесін алуға көмектесті

     Прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

     Елордада "BM Sport" ЖШС жарты жыл бойы манежі бар футбол алаңдарын орналастыру жобасын іске асыру үшін 2 жер учаскесін бөлуге қол жеткізе алмаған.​

     Инвестордың уақытша өтеулі жер пайдаланғаны үшін 5 млн теңге төлегеніне қарамастан, бұл мәселе ұзақ уақыт бойы шешілмеген.

     Прокурорлық қадағалау актісі енгізілгеннен кейін инвесторға жер учаскесі берілді.

     Прокуратура қабылдаған шаралар жобаны іске асыруды жалғастыруға ықпал етті, бұл 1000-нан астам балалар мен жасөспірімдерге спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді.

      Естеріңізге сала кетейік, проблемалық мәселелер туындаған кезде инвесторлар бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтың 8-747-216-15-58 телефоны арқылы жүгіне алады.

Астана қаласының прокуратурасы