Елорда прокуратурасы жас спортшылардың құқықтарын қалпына келтірді

Елорда прокуратурасы жас спортшылардың құқықтарын қалпына келтірді

     Спорт мектебі оқушылары ата-аналарының жолданымын қарау барысында «Нұра» ауданының прокуратурасы  заңсыз шығару дерегін анықтады.

      Кәмелетке толмаған спортшыларды жыл сайынғы бақылау-аударма нормативтерін тапсыра алмағаны үшін спорт мектебінің басшылығы оқудан шығарған.

      Қадағалау актісі негізінде жас спортшылар спорт мектебіне қайта қабылданып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Астана қаласының прокуратурасы