Азаматтардың жолданымдары – бұл заңдылық жағдайының ең объективті көрсеткіші.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекетіміздің азаматтары тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар.
2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енгізілді (бұдан әрі-Кодекс), бұл белгілі бір тұлға мен мемлекеттік органның арасында туындаған жария-құқықтық қатынастарға бағытталған осы мемлекеттің заңымен көрсетілген функциясы.
Жолданымдарды мемлекеттік органға және жергілікті өзін-өзі басқару органына тапсырған кезде Кодекстің кейбір заңнама нормаларына назар аударған жөн.
Мысалға, қабылдау, тіркеу, қайтару және өтінішті кері кайтарып алу осы Кодекстің талаптарымен реттеледі.
(2020 жылғы 29 маусымдағы №350-V Кодекстің 64 -бабы).
Жолданымды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
Егер жолданым жұмыс істемейтін күні келіп түскен болса, онда ол жақын уақыттағы кейінгі жұмыс күнімен тіркеледі.
Ескертпе: 5-бөліктің қолданысы 01.01.2026 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған кезеңінде осы Кодекстің 175-бабының 2-1-бөлігінде берілген редакция қолданыста болады.
Арыз иесінің жолданымды кері қайтарып алуы мерзімдер сақталған кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, оны қайта жолданым беру құқығынан айырмайды.
Осыған байланысты, жолданымдарды Астана қаласы прокуратура органдарына тапсыру кезінде жазбаша, қағаз түрінде (қолма-қол прокуратура кеңсесі немесе «Жолданымдарға арналған жәшік» арқылы Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 31), «Қазпошта» АҚ пошта байланысы арқылы немесе электрондық түрде, «Электрондық үкіметі» Порталы («EGOV») және «Е-оtіnіsh» ақпараттық жүйесі арқылы беруге болады.
Астана қаласының прокуратурасы