Астанада жосықсыз құрылыс салушылар ұсталды

Астанада жосықсыз құрылыс салушылар ұсталды

      Ағымдағы жылдың қыркүйек айының басында қала прокуратурасының нұсқауы бойынша Полиция департаментінің өндірісіне "R-Club" және "R-Club Deluxe" ТҮК үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс берілді.

     Үлескерлердің 4 млрд. теңгеден астам ақшалай қаражаты тартылған, алайда іс жүзінде құрылысқа 900 млн.теңге жұмсалғаны анықталды. Құрылыс салушымен 2022 жылдың 4-ші тоқсанында жоспарланған аяқталуға тиіс құрылыс бітпеген.

     Құрылыс компанияларының басшылары ұсталып, оларға «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

     Жедел-тергеу тобы құрылды.

     Қазіргі уақытта қылмыстың қалған қатысушылары мен олардың активтері анықталуда.

Астана қаласының прокуратурасы