Елорда прокуратурасы мемлекетке 700 млн теңгеге жуық жер телімдерін қайтарды

Елорда прокуратурасы мемлекетке 700 млн теңгеге жуық жер телімдерін қайтарды

     Астана қаласының прокуратурасы мемлекет мұқтаждығы үшін алынған жер телімдері бойынша сот актілерінің орындалуына тексеріс жүргізді.   

     Тексеру барысында акционерлік қоғам еріксіз иеліктен шығарылатын жер учаскесі үшін  663 млн теңге көлемінде өтемақы алғаны анықталды. Алайда, 2 жыл бойы соттың мектеп пен жатақхана салу үшін 2 жер телімдерін мемлекетке беру туралы шешімін орындамаған.

     Прокурорлық қадағалау актісі бойынша сот шешімі орындалды, жер учаскелері мемлекетке берілді.

 

Астана қаласының прокуратурасы