Балабақшада ұрлық жасағаны үшін кінәлілер жазаланды

Балабақшада ұрлық жасағаны үшін кінәлілер жазаланды

      Мемлекеттің басымдығы балалардың құқықтарын қорғау және оларды тәрбиелеу мен оқыту саласында қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

      Қала прокуратурасы осы салада тұрақты негізде қадағалауды жүзеге асырады, бұл ретте білім беру мекемелерінде бюджет қаражатын бөлудің дұрыстығына ерекше назар аударылады.

     Астана қаласы Байқоңыр ауданының № 2 сотының үкімімен елордалық балабақша меңгерушісі, сондай-ақ осы мекемеге азық-түлік жеткізуші сотталды.

      Мемлекеттік айыптаушы сотта азық-түлік жеткізу көлемін едәуір арттыру арқылы бюджет қаражатын ұрлаудың қылмыстық схемасын дәлелдеді.

      Сондай-ақ, мекемеде жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы жалған актілер жасау арқылы ақша ұрланған.

      Мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді, кінәлілер сотталды.

Астана қаласының прокуратурасы