Прокуратура органдарына жолданым беру тәртібі және Астана қаласы прокуратурасының лауазымды адамдарының жеке қабылдауы туралы

Прокуратура органдарына жолданым беру тәртібі және Астана қаласы прокуратурасының лауазымды адамдарының жеке қабылдауы туралы

        Прокуратура органдары жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын прокурордың құзыреті мен өкілеттігіне сәйкес қарайды.

        Прокуратура органдары жолданымдарды мына жағдайларда қарайды (05.11.2023ж. «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабының 1-бөлігіне сәйкес) :

         1) егер олар физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмаса, адамның және азаматтың, кәмелетке толмаған адамдардың, сондай-ақ адамдардың шектелмеген тобының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін.

        2) адамның және азаматтың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін, егер бұл мүдделерді қорғауды құзыретіне тиісті өкілеттіктер жатқызылған уәкілетті орган тиісті түрде қамтамасыз етпесе не мұндай орган болмаған жағдайларда.

         3) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мекемелер, олардың лауазымды адамдары, меншік нысандарына қарамастан өзге де ұйымдар тарапынан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласу фактілері бойынша олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін.

         4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына және ұлттық қауіпсіздігіне төнген қатерді болғызбау мақсатында;

         5) жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін заңдылықтың бұзылу фактілері бойынша;

         6) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша;

         7) Бас Прокурордың тапсырмалары бойынша.

         Заңнамалық актілерде азаматтардың жолданымдарын: қағаз түрінде (қолма-қол прокуратура кеңсесі немесе «Жолданымдарға арналған жәшік» арқылы), «Қазпошта» АҚ пошта байланысы арқылы немесе электрондық түрде, «Электрондық үкіметі» Порталы («EGOV») немесе «Е-оtіnіsh» ақпараттық жүйесі арқылы беруге болады.

        Шағымды қарау нәтижелері бойынша жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.

        Қала прокуратурасының басшылығының қабылдауы «egov.kz» порталынан электрондық өтініштер негізінде алдын ала жазылу бойынша, сондай-ақ қағаз форматтағы жолданымдар  арқылы жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 17.01.2023 жылғы №29 бұйрығымен бекітілген  «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау қағидалары»)

         Жеке қабылдау туралы жолданымда міндетті түрде сұрақтың мәні көрсетілуі қажет.

         Азаматтарды қабылдау күндері мен уақыты туралы ақпарат қала прокуратурасының ресми сайтында, прокуратура ғимараттарындағы арнайы стендтерде орналастырылған.

         Қала прокуратурасының басшылығы бекітілген кестеге сәйкес аптасына бір рет қабылдайды.

         Қала прокуратурасының қызметкерлері қабылдауды қажеттілігіне қарай (алдын ала жазылусыз) жүргізеді.

         Астана қаласы аудан прокурорлары қабылдауды күн сайын жұмыс уақытында жүргізеді.

         Қала прокуратурасында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау бойынша  сұрақтар немесе ескертулер бойынша жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін 71-21-25 телефоны бойынша хабарласуға болады.

                                                                                                                     

Астана қаласының прокуратурасы