Сарыарқа ауданының прокуратурасы 12,5 мыңнан астам астаналықтардың құқықтарын қорғады

Сарыарқа ауданының прокуратурасы 12,5 мыңнан астам астаналықтардың құқықтарын қорғады

     Сапалы және уақтылы дәрігерлік көмек көрсету прокуратураның тұрақты бақылауында.

     Астана қаласы Сарыарқа ауданының денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне жүргізілген тексеріспен қала аумағында тұрмайтын азаматтарды, сондай-ақ қайтыс болған адамдарды негізсіз тіркегені анықталды.

      Прокурорлар пациенттердің міндетті скринингін (жасы бойынша) және балалардың профилактикалық тексеруден өтпеуі, созылмалы аурулары бар пациенттерге дәрі-дәрмектерді уақтылы жеткізбеу фактілерін анықтады.

      Тексеру нәтижелері бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді. 12,5 мыңнан астам азаматтардың құқықтары қорғалды. Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Астана қаласының прокуратурасы