Астаналық прокуратура 100 млн.тенгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтарын анықтады

Астаналық прокуратура 100 млн.тенгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтарын анықтады

      «Алматы» ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың қолданылу жағдайына талдау жүргізді.

      Талдау барысында елорданың жекелеген мемлекеттік ұйымдары адал кәсіпкерлердің құқықтарын шектеп, белгіленген бизнес субъектілерімен жалпы 100 млн.теңгеден астам сомаға бір көзден шарт жасасқандығы анықталды.

      Бұл ретте, көрсетілген қызметтерді сатып алу мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың қағидаттарына сәйкес келетін бәсекелестік тәсілімен (конкурс, баға ұсыныстарын сұрату және басқалар) іске асырылуы тиіс болатын.

      Прокурорлық қадағалау актісін енгізу нәтижесімен бұл тәжірибе тоқтатылды, шарттар бұзылып, 44 лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды (ҚР ӘҚБтК 207-бабының 11-бөлігі) және мемлекет кірісіне 4,6 млн.теңге айыппұл төленді.

      Қазіргі уақытта, мемлекеттік сатып алу туралы шарттар заңнама талаптарына сәйкес жасалуда, қызметтер нарығында салауатты бәсекелестік қалпына келтірілді.

      Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.